Қоғам

Шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 10 жылдық жалақы мөлшерінде материалдық көмек төленеді.

Аталған  шаралардың барлығы ұжымдық шартта көзделген, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің төрағасы, Қазақстанның Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында 2022-2024 жылдарға құрылған. Сол ұжымдық еңбек шарты аясында қаза тапқан азаматтардың отбасына бірқатар жағдай көрсетіледі. Атап айтсақ, 10 жылдық жалақысын төлеп беру сияқты  әлеуметтік көмек бар,

деді ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Сондай-ақ  зардап шеккендердің отбасыларына баспана алып беру мен балаларын оқуға түсуіне жағдай жасау да ұжымдық шарт негізінде жүзеге асады.

Апаттан зардап шегіп, ауруханада жатқан адамдарға да көмек бар. Бүгінде елімізде азаматтарға денсаулығына байланысты еңбекке уақытша жарамсыз болғаны үшін 25 АЕК қана төленеді. Бұл кеншілерге міндетті түрде 100 пайыз төленеді. Олардың толық емделіп шығуына қажетті шығынды компания өз мойнына алады. Жағдайына қарап, егер олар жазылмай мүгедек болса, ұжымдық шарт шеңберінде тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі,

деді ол.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше сағат 10:05-те тұтанды. Апат кезінде жер астында 227 кенші болған. 222 адам эвакуацияланды, 13-і зардап шекті. Шахтадан үш адамның мәйіті табылды, екі кенші әлі іздестіріліп жатыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago