Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Шахтинскідегі шахтада апаттан зардап шеккен кеншілердің қазіргі жағдайын айтты.
Шахтинскідегі төтенше жағдай кезінде төрт адам жарақаттанды. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ашық бас сүйек-ми жарақатын алған екі адамға ота жасалған. Қазір олардың жағдайы тұрақты.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада газ жарылды. Апат кезінде 106 адам жер астында болған. 101 эвакуацияланды. Бес адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды.