Categories: Галерея

Шакираның басына төнген қара бұлт

Жаз мезгілі Шакира-Пике жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалықпен басталды. Жұп 11 жыл бірге тұрғаннан кейін айырылысатындарын мәлімдеді.

«Жолымыз екі жаққа айырылатынын өкінішпен растаймын. Балаларымыздың келешегі үшін біздің жеке өмірді сыйлауды сұраймыз. Түсінгендеріңізге рақмет»

деп жазды әнші әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.

Айырылысудың ресми себебі айтылмағанымен, испандық БАҚ Шакира Жерар Пикені басқа әйелмен ұстап алды деп ақпарат таратты. El Periódico ықпалды басылымының хабарлауынша, Жерар ғашық болып қалған сұлу 20 жаста: «Ол университетте оқиды және іс-шаралардың жүргізушісі болып жұмыс істейді».

Танысу тарихы

Колумбиялық әнші Шакира мен «Барселона» ойыншысы Жерар Пике алғаш рет Мадридте 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионаты қарсаңында танысты. Олардың махаббат тарихы чемпионаттың ресми әнұранына айналған Waka Waka композициясына бейнебаян түсіргеннен кейін басталды. Таныстық үлкен махаббатқа ұласып, бір жылдан кейін Шакира футболшымен бірге екенін білдіретін біріккен суретті жариялады.

Шакира мен Жерардың қосылуына бір күнде, яғни 2 ақпанда дүниеге келгені де әсер еткен сыңайлы, алайда әнші спортшыдан 10 жасқа үлкен. Олар кездескен кезде футболшы 23 жасқа толған болатын. «Махаббат жасқа қарамайды» десіп, Шакира мен Жерар әлемге берік қарым-қатынас пен нәзік махаббаттарын көрсетуге тырысты.

2013 жылдың қаңтарында Шакира мен Жерар ата-ана атанды: тұңғышы, ұлы Милан Пике дүниеге келді. Екі жылдан кейін Саша есімді екінші мұрагер дүние есігін ашты. Толыққанды отбасымен айналысу үшін орындаушы 7 жылдық үзіліс алып, турларын тоқтатты. Жерар да әншінің бұл шешімін қос қолдап қолдады.

Бірге тұрғанымен жұп қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеуге асықпады, ұлан-асыр той да жасаған емес. Әнші бұл ресмилік олардың қарым-қатынасына еш әсер етпейді деп мәлімдеді: олар онсыз да бір-бірін сүйеді, сенеді және ортақ балалары бар. Тіпті ресми некелесу олардың қарым-қатынасына кері әсер етеді деп те сенді. Бірақ Шакираның сенімі ақталмады…

Келісім құны — 400 мың еуро

Жанкүйерлер жұптың парасатты айырылысатынына сенді. Алайда екі айдан кейін Шакира-Пике арасында дау-дамайсыз шешілмейтін мәселелер пайда болды. Атап айтқанда, ортақ екі баласы үшін таласу басталды.

14 шілдеде Шакира өз шартын қойды: оған сәйкес екі баласы Майамиде онымен бірге тұруы керек. Әнші балаларды толық өз қамқорлығына алып, АҚШ-қа көшуін өзі қамтамасыз етемін деді.

Оған жауап ретінде «Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике балалар АҚШ-қа көшкен жағдайда бұрынғы азаматтық әйелінен бір жылда 5 рет АҚШ-қа барып-келу ұшақ билеттерін және бизнес-класспен ұшуын қамтамасыз етуді талап етті. Әрі жыл сайын 400 мың еуро төлеп тұруын сұраған.

Әнші мен футболшы ортақ келісімге келе ала ма, әлі белгісіз.

8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Айта кетейік, Шакираны мазалап отырған мәселе жалғыз бұл емес. Латын Америка жұлдызы салық төлемегені үшін сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 23 миллион айыппұл төлеуі мүмкін. Испания прокуратурасы әнші қазынаға 2012 жылдан 2014 жылға дейін 14,5 миллион төлемеген деп есептейді.

Вокалист көрсетілген мерзімде корольдікте резидент мәртебесі үшін талап етілетін бір жылда 183 күн тұрмағанын айтады. Ол кезде Шакира Багам аралдарында болған және өзінің кінәсіздігіне толық сенімді. Айыптаушылар 2012 жылдың мамыр айында әнші Испаниядан үй сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізген және жазу студиясын жалға алып, Барселона клиникасына жүктілік кезінде қаралған деп сендіреді. Жақын арада Барселона соты сот тыңдауларын бастау туралы қаулы шығармақшы.

Шығармашылығында не жаңалық?

2022 жылы Шакира көпшілікке Te Felicito бейнебаянын ұсынды. Бейнебаян Youtube арнасында әлемнің ең үздік бейнебаяндар тізімінде 7 орында.

Бұл әйгілі колумбиялық әншінің Пуэрто-Рико рэпері Рау Алехандромен бірлескен жұмысы.

Бейнебаянда Шакира бейнесін Рау Алехандро жасап шыққан роботты бейнелейді. Te Felicito испан тілінен «Сізді құттықтаймын» деп аударылады. Клиптегі әншінің би қимылдары роботтың қимылдарын еске түсіреді. Дыбыс бойынша трек электрпоп пен реггетонды біріктірген.

Te Felicito бейнебаянының түсірілімі Барселонада өтті, ал оның режиссері — Шакирамен бірнеше рет ортақ жұмыс істеген Хауме де Лаигуана. Ол бұған дейін әншіге Don’t Bother, Loca, «La Bicicleta» және басқа да клиптерді түсірген.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Шакира ағылшын тіліндегі «Don’t Wait Up» трегін шығарды. Te Felicito және Don’t Wait Up әншінің алдағы 12-ші пластинкасына кіреді деп болжанды. Шакираның соңғы альбомы El Dorado 2017 жылдың мамыр айында жарық көрді. Сол кезде әнші ең үздік латын поп-альбомының авторы ретінде «Грэмми» ұтып алған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

13 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago