Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > Шариғатта VIP қажылыққа рұқсат етілген бе?
Дін

Шариғатта VIP қажылыққа рұқсат етілген бе?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 19.06.2023
Обновлено 19.06.2023 в 05:06
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

2023 жылы Қазақстаннан қажылық парызын өтеуге 4 000 адам барады деп жоспарланған. Сауд Арабиясы Қазақстанға осынша квота бөлген болатын. Мұнда құлшылық қызметтің түрлері көп екені белгілі. Дегенмен қажылыққа аттанарда VIP қызметін пайдалануға болатынын бірі білсе, бірі білмес. Тіпті отандастарымыз арасында осынау қызмет түрін алатындар қарасы көп екен. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі жазды.

Мазмұны
VIP қажылыққа қандай қызмет түрлері кіреді?Шариғатта VIP қажылыққа рұқсат етілген бе?Қажылықтың шарттары қандай?

VIP қажылыққа қандай қызмет түрлері кіреді?

Туристік агенттіктердің айтуынша, VIP қажылық бағасы 26 000 – 27 000 доллардан (шамамен 12 миллион теңге) басталады.

Агенттік өкілдерінің сөзінше, қарапайым қажылыққа баратындар біраз уақытын жағдайға, климатқа бейімделуге, сондай-ақ дін туралы білім алуға жұмсайды. Ал VIP қажылықпен баратындар – бұрын қажылық жасаған адамдар. Сондықтан оларға дайындықтан өтудің қажеті жоқ.

VIP қажылар үшін ең алдымен қызметтің сапасы мен ыңғайлылығы маңызды. Сол себепті оларға 10 орындықты ұшақ жалданатын көрінеді.

Сондай-ақ оларды әуежайдан арнайы көліктер алып кетеді. Сонымен қатар қарапайым бюджеттік қонақүйлер әл-Харам мешітінен үш шақырым қашықтықта орналасса, VIP қажылар тұратын қымбат қонақүйлер киелі орыннан 50 метрдей жерде ғана екен. Қажылық рәсімдерін орындайтын жерлерге қонақүй жақын болған сайын оның бағасы 20-30 есеге қымбат болады. Ал алыстаған сайын, бағасы да арзан.

VIP қажылар Қағба мен қалаға қарайтын 120 шаршы метрлік президенттік люкстерде тұрады. Мәселен, қажылық сапарға жөнелтетін қазақстандық турагенттіктермен бірлесіп жұмыс істейтін қонақүйлердің бірі – Dar Al Taqwa Hotel.

Бұл жерде бизнес люкстердің құны 167 мың теңгеден басталса, ал корольдік люкстердің бір түні 597 мың теңгеге дейін жетеді.

Тағы бір қонақүй – Makkah Clock Royal Tower, A Fairmont Hotel. Бұл жерде бір қонақүй номері 210 мыңнан басталса, Қағбаға көрініп тұратын корольдік люкстердің бір түні 1,3 миллион теңгеден асады. Одан бөлек, қонақүйлерде санаторийлер, қоғамдық моншалар мен спорт залдары бар.

VIP қажылыққа барушыларда ыңғайлы рейс пен жақсы қонаүйден басқа да көптеген мүмкіндік қарастырылған.

Мысалы, қажылық кезінде Меккенің маңындағы Мина алқабына барғанда қажылар шатырларда тұрады. Мәселен,  бюджеттік шатырларда тұрушылардың дәретханасы көшеде орналасады, тамақ берілмейді. Ал VIP қажыларда керісінше жағдай жасалған. Шатырларда диван, дәретхана және үш уақыт тамақ, оның ішіне швед үстелі де кіреді.

Сонымен қатар Арафат тауына келуде де айырмашылықтар бар. Оған жеткенше қалталылар арнайы желдеткіш орнатылған тасығыштарда отырады. Тамақтану да қарастырылған. Бұдан өзге көптеген турагенттіктер VIP-қажыларға гидтің қызметін ұсынады.

Шариғатта VIP қажылыққа рұқсат етілген бе?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлиевтің айтуынша, жыл басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған арнайы қажылық комиссиясы қажылықпен айналысатын туристік фирмалар арасында арнайы конкурс жариялаған.

Сол конкурстың талаптарында бірнеше критерийлер бар. Ол талаптарды Сауд Арабиялық корольдігі ұсынады. Оның ішіндегі басты талап – қажыларға қолайлы жағдай жасау, қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы талаптарға сәйкес 18 турфирма комиссияның шешімімен қаржыларға қызмет көрсетуге лайықты деп табылды. Яғни оларға қажылықпен айналысуға рұқсат берілді.

Енді біз қазір нарық заманында өмір сүріп отырмыз ғой. Діни басқарма қажылықтың бағасына араласпайды. Ол біздің құзіретіміздегі мәселе емес. Әр компания қызмет түрін өздері ұсынады. Мәселен, жоғары баға болса, қызметтің түрлері де соған сәйкес болады. Қонақүй, әуе тасымалы, тамақ мәселесі, осының бәрі қызмет түрлеріне кіреді,

дейді Бауыржан Әбдуәлиев.

Біреулерге эконом пакет ұнайды, олар өздерінің қаражатына сай  таңдайды. Жағдайы бар кісілер одан да жоғары пакетті таңдайды. Сәйкесінше тамағы, қонақ үйі, қызмет түрінің сапасы жоғары болады. Таңдау әркімнің өз еркінде. Бұл жердегі діни басқарманың негізгі мақсаты –  қажылардың дұрыс құлшылық жасауына ықпал ету, шариғат талабына сай қажылықтың дұрыс орындалуын қадағалау.

Қажылықтың шарттары қандай?

Сонымен қатар Бауыржан Әбдуәлиев қажылық жасау парыз болуы үшін төмендегі шарттардың табылуы тиіс екенін айтты.

  • Ақыл-есі дұрыс болу;
  • Балиғат жасына жеткен болу (қыз бала 9 жас, ер бала 12 жас)
  • Мұсылман болу;
  • Бас бостандығы болу;
  • Керекті қажеттіліктерінен басқа қажылыққа барып-келгенше өзінің қарамағындағы отбасы мүшелерінің күн көрінісіне жетерлік қаражатының болуы;
  • Қажылыққа жеткізетін өз жағдайына сай көлік және жол шығындарын өтейтіндей ақшасы болу;

Аталған жоғарыдағы шарттардан басқа қажылық міндетін орындау үшін мына шарттардың да болуы керек. Бұлар қажылықты атқарудың шарттары деп аталады:

  • Тән жағынан сау болу: (зағип, әлсіз, қажылық сапарына төзе алмайтындай ауру немесе қарт болмау).
  • Қажылыққа баруына кедергі жоқтығы (мысалы, түрмеде болу сияқты).
  • Жол қауіпсіздігі.
  • Күйеуі өлген немесе ажырасып кеткен әйелдердің ғиддәт күндері мерзімінің толуы ( Күйеуінен ажырасқан жас әйелдің ғиддасы – үш хайыз мерзімнің өтуі. Күйеуі қайтыс болған әйелдің ғиддәт мерзімі төрт ай он күн).

Қажылардың алғашқы легі 15 маусымда қасиетті сапарға аттанды.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Руханият, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 19.06.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?