Шетел азаматтары Түркиядағы жер сілкінісінен жетім қалған балаларды асырап ала алмайды. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи айтты.
Түркияның Астанадағы елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында Уфук Экиджи қазір елде 1858 бала патронаттық бақылауда екенін, олардың 200-інің әлі жеке басы анықталмағанын айтты.
«Жер сілкінісі кезінде жетім қалған балалар қазір мемлекеттің бақылауында. Бұл балалардың жеке басын анықтау және құжаттарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді. Олар Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады,
деді елші.