Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Шетелге жұмысқа кеткен қазақтар құлдыққа түсіп жатыр
Қоғам

Шетелге жұмысқа кеткен қазақтар құлдыққа түсіп жатыр

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 12.03.2024
Обновлено 12.03.2024 в 08:03
Поделиться
Поделиться

Табысы жақсы отандастарымыз шетелге шығып, саяхаттағанды жақсы көреді. Қалғандары там-тұмдап тапқан таянғанын тиынынан құрап, тропикалық елдерді көріп келіп жатыр. Биыл трендте Тайланд. Алайда қызық қуып барған көп қазақ құрыққа түсіп қаламын деп ойламайды. Жарқ-жұрқ еткен қонақжай қалалардың арғы жағында адам жоғалатын жұмбақ жер барын көбі білмейді.

Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасап El.kz хабарлады.

Тайланд, Мьянма және Лаос елдерінің арасында алтын үшбұрыш аталып кеткен тропикалық ну орман арасында 100-ге жуық азаматымыз жоғалып кетті. Арада байланыс жоқ. Соңғы екі жылда қылмыстық топтардың құрығынан 28 қазақстандық құтқарылды. Қалғандарының тағдыры беймәлім.  

Дубайдағы жақсы танысымның кеңесімен бардым. Сендім. Мені Бангкокта ағылшынша білмейтін адамдар қарсы алды. Қымбат қонақ үйге орналастырды. Ертең Чианграй деген қалаға жұмысқа шығасың деді. Ол 20 минуттық жерде орналасқан. Бірақ екі жарым сағат орман мен жанартауы көп жаққа алып келді. Сол кезде үрей басталды. Қайықпен суды кешіп, өтіп, әкелген жерді көргенде шошып кеттім. Амал тауып ағама хабарласып үлгердім. Әйтпесе жағдай қиын еді,

деді Анель. 

Анель былтыр құтқарылды. Парақшасын қарасаңыз көптеген елде саяхаттаған, бірнеше тіл біледі. 

Интернеттен жоғары айлық көріп, соған сеніп қалады. “Біз құлдыққа түспейміз, барамыз, ақша табамыз, тез ораламыз” деп ойлайды. Ұсталып қалады,

деді СІМ өкілі Айбек Смадияров. 

Соңғы 2 жылда соғыс болып жатқан Мьянма елінде 200 қазақстандық құлдықта болған. 100-ге жуығы әлі сол жақта жүр. 

Ол жаққа барған кезде барлығының ойы «біз Таиландқа бара жатырмыз» деп ойлайды. Таиланд пен Мьянманың арасында белгілі бір шекара жоқ. Тек арық және сумен ғана өтеді. Белгілі бір компания жұмыс ұсынып шақырады. Жалақысын жоғары етіп көрсетеді. Көбіне аудармашылар, қытай тілін білетіндер. Өйткені Мьянма қытай тілінде сөйлейді. Сосын билет шығынын өтеп береді. Көбіне түнде өткізеді, адамдар қайда бара жатқанын білмейді. Сосын Мьянмадан бір-ақ шығады,

деді халықаралық заңгер Мейірман Шәкеев. 

Заңгердің сөзінше, азаматтар қандай қиындыққа тап болғандарын сонда ғана сезеді. Бостандық сұраса, өздерін сатып алған ақшаны қайтар немесе сойып органға тапсырамыз дейді. Амалсыз жұмысқа кіріседі. 

Мұнда бара жатқан кезде оларды алдын ала сатып жібереді. Сол сатқан құнын есептейді де 10 мың доллар заңсыз жұмыстарды ұсынады. Ол жақта да Қазақстанда таралып жатқан алаяқтық жүйесі сынды жұмыс ұсынады,

деді халықаралық заңгер Мейірман Шәкеев.

Өкініштісі бірнеше тіл білетін жастар осындай қулыққа алданып қалып жатыр.

Жыл басынан бастап бізде 1400-ге жуық адам Қазақстаннан тыс жерде тұруға кетті. Оның ішінде Ресейге 900-ге жуық, Германияға 200-ге жуық, Польша, АҚШ, Канада және Түркия елдеріне 30-ға жуық азамат тұрақты тұру үшін кетті,

деді ІІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лесбек Айташов.

Қазақстандықтар қазір шетелге демалуға, ем алуға, жұмыс істеуге жиі шығатын болған. Көш басында Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Мысыр мен Таи елдері.

ТЕГи: Қазақстан
Сайт Әкімшілігі 12.03.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?