Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Швеция азаматы Құранды үшінші рет өртеді. Ол нені көздеп жүр?
Қоғам

Швеция азаматы Құранды үшінші рет өртеді. Ол нені көздеп жүр?

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 30.01.2023
Обновлено 30.01.2023 в 01:01
Поделиться
Поделиться

Швеция саясаткері Расмус Палудан Құран кітабын үшінші рет өртеді. Бұл жолы ол діни кітапты Ресей елшілігінің алдында өртеп, «акциясын» Шешенстаннан шыққан Швеция спортшысы Хамзат Чимаев пен Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа арнайтынын айтқан.

Мазмұны
Апта сайын жасаймынТүркияның жауабыХалық наразылығыЧимаев пен Қадыровқа арнаймын

«Хамзат пен Рамзанға өздерін қалай ұстау керектігін үйретуім керек пе?» – деп жазған ол өзінің Instagram парақшасына.

Апта сайын жасаймын

Айтып өткеніміздей, ультра оңшыл швед саясаткері және исламға қарсы Stream Kurs («Қатаң курс») партиясының жетекшісі Расмус Палуданның бұл Құран кітапты үшінші рет өртеуі. Алдыңғы екі ретінде діни кітапты Стокгольм қаласындағы Түркия елшілігінің алдында, кейін жұма күні Копенгагендегі мешіттің сыртында өртеп жіберген.

Ол бұл әрекетті апта сайын жұма күндері Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне тосқауылын жойғанға дейін қайталауға уәде берді.

Ресейдің Украинаға әскери шапқыншылығы басталғаннан кейін бұрын бейтарап позиция ұстанып келген Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіруге өтініш білдірген. Шешім қабылдауға басты кедергілерінің бірі — Түркияның НАТО-ға мүше ел ретіндегі ұстанымы. Түркия Солтүстік елдерден бірқатар күрд ұйымдарын террористік деп мойындауды, Анкараға қару-жарақ жеткізуге тыйым салуды жоюды, Швеция мен Финляндияда баспана алған және Түркияда терроризм бойынша айыпталған бірқатар күрд және оппозициялық қайраткерлерді Түркияға беруді қамтитын шарттарды орындауды талап етіп отыр.

Алайда саясаткер Расмус Палуданның пікірінше, Түркия осы әрекеті арқылы азаматтардың бостандығын шектеп отыр.

Түркияның жауабы

Түркия билігі саясаттанушының бұл әрекетін қатаң айыптады. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған швед саясаткерінің бұл акциясынан кейін Швеция НАТО-ға кіру мәселесінде Түркияның қолдауына бұдан былай сенбесін деп мәлімдеді.

Швеция бізден НАТО-ға кіруге қолдау күтпесін. Біздің еліміздің елшілігіне осындай масқара жасағандар енді олардың өтінішіне қатысты біздің ықыластылыққа сене алмайтыны анық,

деді Түркия президенті.

Сондай-ақ «Ешкімнің қасиетті кітапты қорлауға құқығы жоқ. Егер кімде-кім біздің абыройымызға қол сұғатын болса, біз оларды орнына қоямыз», — деді Ердоған теледидарда сөйлеген сөзінде.

Түркия билігі Швецияның Қорғаныс министрінің Анкараға сапарының күшін жойып, Стокгольмді Швецияның НАТО-ға кіруі туралы бұрын жасалған келісімдерін бұзды деп айыптады. Сондай-ақ Швеция билігі саясаткердің әрекеттерінің алдын алуға ештеңе жасап отырған жоқ деп есептейді.

Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем өз сөзінде «Швецияда сөз бостандығы кең, бірақ бұл Швеция үкіметі немесе мен мұндай әрекеттерді қолдаймын дегенді білдірмейді. Швеция үш ел арасындағы НАТО-ға мүшелік туралы келісімді сақтайды», деп түсіндірді.

Швецияның премьер-министрі Олоф Кристерссон бұл акцияға қатысушылар елдің НАТО-ға кіруін тоқтатуға тырысып жатқанын және үкімет мүшелерінің бірі оны шектен шыққандық деп сипаттағанын айтты.

Халық наразылығы

Әрине, швед саясаткерінің бұл әрекеті мұсылман қауымның наразылығын тудырмай қоймады. 22 қаңтарда Түркияның бірнеше қаласында халық жаппай наразылыққа шықты. Батман қаласында Құран ұрпақ платформасы (Kur’an Nesli Platformu) митинг ұйымдастырып, мыңдаған адам қолдап көшеге шыққан. Көпшілігінің қолында «Құранды мұқият ұста» деген ұран болды.

Сондай-ақ Стамбулдағы Швецияның Бас консулдығы алдында да митинг болды. Жиналған жұрт Швецияның туын өртеген. Сонымен қатар, Анкарадағы Швеция елшілігінің алдында да бірнеше адам жиналған.

Чимаев пен Қадыровқа арнаймын

23 қаңтарда шешен тектес швед палуаны Хамзат Чимаев өзінің Instagram парақшасында Палудан туралы швед тілінде: «Біз үшін ол террорист. Мен мұсылманмын, бірақ ешқашан ол сияқты біреудің дініне қарсы тұрған емеспін. Біз үндемей отырмауымыз керек. Сіздер бізді ағайын деп атайсыздар, сондықтан бізге аздап құрмет көрсетіңіздер» деген үндеу қалдырды.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Құранды өртеу әрекетін Украинаға қарсы соғысты ақтау және «евроичкериялықтарды» сынау үшін пайдаланды. Швеция билігі Құранды әдейі өртетіп отыр деді. Осыдан кейін Шешенстан басшысы НАТО-ны сынға алып, әскери одақты «шайтанның ұрпағы» деп атады және Украинадағы соғысқа себеп болып отыр деген пікір айтты. Ол сондай-ақ «еуроичкериялықтарды» әрекетсіздік танытып отыр деп айыптады.

Палудан екі шешенстандықтың сөздерін қорлау деп танып, «қорлауға жауап ретінде» және «барлық шешендерге арнайы сәлем ретінде» Шешенстанды «елеусіз бөлігі» деп атаған Ресей елшілігінің алдында Құранды тағы өртеді.

The Insider хабарлауынша, Стокгольмде іс-шараны өткізуге рұқсатты журналист және Russia Today телеарнасының бұрынғы стрингері Чанг Фрик қаржылай демеушілік көрсетіп отыр. Алайда ол ешкімнен Құранды өртеуді сұрамағанын және 2014 жылы RT-мен ынтымақтастықты тоқтатқанын мәлімдеді.

ТЕГи: Геосаясат, Главное
Анара Бауыржанқызы 30.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?