Шымкентте 48 жастағы ер адам алғаш рет мектепке барды

Шымкентте 48 жастағы ер адам алғашқы оқу жылын қатаң режимдегі колонияда өткізеді, — деп хабарлайды Massaget.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы қоңырау мектептерде ғана емес, түзеу мекемелерінде де соғылған. Шымкенттегі 167/2 колониясында 48 сотталушыға оқу жылы басталған. Оқушылардың жасы әртүрлі, тіпті 50-ге жақындағандар да бар.

Басылым мәліметінше, түзеу колониясында отырған Диас (есімі өзгертілген) өмірінде алғаш рет мектепке барған. Ол Шымкенттегі 167/2 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Оның балалық шағы далада өткен. Өйткені ата-анасы ерте қайтыс болып, туыстары одан бас тартқан. Ол ешқашан мектепке бармаған, оқып, жаза алмаған.

Бала кезімнен ұсақ-түйек нәрселер ұрладым, тамақ ішкім келетін, кейде қайыр сұрадым. Өз үйім жоқ еді. Колонияға алғаш рет 20 жасымда келдім, дүкеннен зат ұрладым. Содан кейін басқа мерзіммен отырдым. Бірақ ешқашан оқығым келмеді, ештеңе білмейтініме ұялдым. Мұнда бізге жиі сабақтар өткізіледі. Фильмдер көрсетіледі, психологиялық тренингтер жасалады, кітаптар туралы айтылады. Сондықтан оқып үйренгім келді. Ұзақ уақыт күмәндандым, тіпті қорықтым. Бірақ ақыр аяғында мектепке баруды шештім,

дейді Диас.

Колонияда алғаш рет білім алуға шешім қабылдағандар бірден 6-сыныпқа барады. Онда мұғалімдер әдебиет, математика, тарих пәндерінен сабақ береді.

Биыл 48 сотталған алғаш рет мектепке барған. Мекемеде барлығы 72 оқушы оқиды. Олар оқу аяқталғаннан кейін барлық оқушы сияқты тест тапсыруы керек.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago