Қызды ұрып-соққан әке полицейлермен келісіп, қашып кеткен кездерде жасөспірімді полицейлерден сатып алып, қайтарып отырған.
Шымкентте ер адам өгей қызын зорлап, ұрып-соққан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Шымкенттегі дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова мәлім еткен.
Дағдарыс орталығына көмек сұрап келетін қыз балалар өте көп. Соның бірі 10 жыл бойы өгей әкесінен зорлап, құлдықта ұстаған Керім есімді бойжеткен.
Біздің орталықта әкесі құлдықта ұстаған қыз бар. Керім (аты өзгертілген — еск.) — асырап алынған қыз. Оны ерлі-зайыпты асырап алған. Асырап алған әйел қайтыс болғанға дейін бәрі жақсы болған. Әйелі қайтыс болғаннан кейін күйеуі асырап алған қызын жиі ұра бастаған. Біраз уақыттан кейін ол оны күн сайын зорлай бастаған. Тіпті қызды сыртқа шығармаған. Кейін ішімдік пен тағам үшін оны таныстарына сата бастаған. Қыз бірнеше рет қашып, полицияға жүгінген. Олар әкесіне қыздың қайда екенін хабарлап отырған, осылайша ол қызды полицейлерден сатып алып, қайтадан үйіне алып кетіп отырған,
деді ол.
Орталық басшысы қызды оның көршісі құтқарғанын айтады.
Керімді әкесіне қайтарған полицейлер жұмыстан қуылды. Әкесі арқасынан етікпен ұрғандықтан, оның иығы қисайған. Бұл қыздың тыныс алуын қиындатып отыр. Біз квота арқылы операция жасауға тырысамыз,
деді орталықтың директоры.
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…