Шымкент тұрғындары әлеуметтік желілерде тамыз айының соңында қалаға түскен бұршақтың бейнекадрларымен бөлісуде.
Бейнежазбада үлкен бұршақтың қала аулалары мен көшелерін қарқынды толтырып жатқаны көрсетілген.
Тұрғындардың айтуынша, Шымкентте мұндай табиғат құбылысының көріністері көптен бері болмаған.