Categories: Оқиға

Шымкентте неке түнінде әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте неке түнінде әйелін өлтірді деп күдікке ілінген азамат 9 жылға сотталды. Бірақ «адам денсаулығына аса ауыр зиян келтіру» бабы бойынша істі болған 39 жастағы тұрғын өз кінәсін мойындаған жоқ. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы хабарлайды.

Ал 32 жастағы марқұмның анасы жазаның тым жеңіл болғанын айтады. Еске салайық, қайғылы оқиға 2022 жылдың 26 маусымында болған еді. Күдікті екі айдан кейін ұсталған.

Ер адамның бірінші некесінен 4 баласы, ал марқұмның артында 1 қызы қалды. Күйеуінің қолынан қаза тапты деген әйел мектепте мұғалім болған. Қылмыскердің туыстарының сөзіне сенсек олар қайғылы оқиға болатын күні мұсылманша некелерін қиған екен. Ал сот барысында олардың ішімдік ішкені анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның туыстары күдікті деп қамауға алынған ер адамның ағасы кешірім үшін екі бөлмелі пәтер ұсынып, қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеген. 

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago