Categories: Білім

Шымкентте оқушылардың жаппай улануынан кейін жедел штаб құрылды

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Шымкенттегі жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиадада балалардың улану жағдайынан кейін мәлімдеме жасады. Сөзінше, қазір мән-жай белгілі болып, оқиға себебін анықтау үшін жедел штаб құрылған. 

Шолпан Қаринова өзінің Facebook парақшасында олимпиаданың өту форматы қайта қаралатынын жазды.

3-8 сәуір аралығында Шымкентте өтетін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың форматы қайта қаралады. Ол аймақтарда өтеді,

деді ол.

Ол ауырған мектеп оқушыларының олимпиада нәтижелері мәселесі қаралып жатқанын жеткізді және олар үшін әділ және объективті шешім қабылданатынын айтты.

Биыл бұл олимпиадаға барлығы 891 оқушы қатысуда

Олимпиада барысында 14 балада әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы ауруы, ал бір қатысушыда желшешек ауруының белгілері байқалды,

деді Білім бірінші вице-министрі.

Вице-министрдің сөзінше, ауруханада жатқан оқушылардың жағдайы тұрақталған.

Олимпиадаға қатысушылардың қалған бөлігі қалалық гимназия мектебінің асханасында тамақпен қамтамасыз етіліп, орналасқан жерлерде санитарлық шаралар ұйымдастырылған.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мән-жайды анықтау және олимпиаданы одан әрі өткізу бойынша кешенді жұмыстарды жалғастыруда. Министрдің тиісті шаралар қабылдау үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды. Штаб құрамына министрлік өкілдерінен бөлек, денсаулық сақтау, білім басқармаларының, Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері кірді Жағдай Білім министрінің жеке бақылауында,

деді Шолпан Каринова.

Еске салсақ, Шымкентте мектеп олимпиадасы кезінде 15 оқушы уланып қалған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

11 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago