Categories: Қоғам

Алматыда жарапазан айтқан адамға 600 мың теңге беріледі

Күні кеше ғана есіктен енген Қасиетті айда Алматыда дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәлеледейтін ерекше  шара өтпек. Алматы Орталық мешіті  Рамазан айының құрметіне  «Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқау өткізуді қолға алды. Бұл туралы Алматының Орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жарапазан-Party» байқауы  жалпыхалықтық бұқаралық шара болып саналады. Шараға барлық алматылықтар қатыса алады.

Ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайта жаңғырту. Халықты он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен сүйіншілеу. Сонымен қатар Оразаның рухани-моральдық, этикалық тұрғыдан насихаттау,

дейді Алматының бас имамы Төлеби Оспан.

Байқау 2023 жылдың 23 наурыз бен 1 сәуір күндері аралығында өтеді.  Жарапазан айтудан өтетін жарыстың қортытындысы 1 сәуір күні шығарылмақ.

Жарысқа жекелеген адамдар, шығармашылық топтар, студенттер мен мешіт шәкірттері, жалпы жамағат қатыса алады.

Байқауға қатысушылар классикалық немесе жаңарған заманауи жарапазан мәтінін ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеусіз халық арасында флеш-моб форматында орындайды. Байқаудың қорытындысы барлық қатысушылар мен әділ-қазылардың қатысуымен Алматы Орталық мешітінде өткізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар жүлделі І орын (300 000 теңге) ІІ орын (200 000 теңге) ІІІ орын (100 000 теңге) қаржылай сыйлықпен марапатталады. Сонымен қатар ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago