Шымкентте автобус қағып қайтыс болған 5 отбасына қандай көмек берілетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Shymkent Bus» БК тарапынан жаяу жүргіншілер жолында қаза тапқан 4 азаматтың отбасына 12 млн.тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілмек. Сондай-ақ, бес баланың анасы болған Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылының тумасы Егизбаева Азизаның отбасы баспанамен қамтылады,
дейді Шымкент қаласындағы «Shymkent Bus» компаниясының баспасөз хатшысы.
Әзірге өтемақының құжаттары рәсімделіп жатыр. Еске салайық, 8-сәуір күні Шымкентте бос автобус жүріп кетіп, 6 адамды қағып кеткен еді. Оқиға орнында 3 адам, ауруханада 2 адам қайтыс болды. Олардың ең үлкені 43 жастағы жалғызбасты 5 баланың анасы. Ең кішкентайы 14 жастағы 9-сынып оқушысы.
Ажал құшқан ересектердің бәрі отбасыларының асыраушысы болған. Ал, қайғылы оқиғадан аман қалған жалғыз адам бүгін ауруханадан үйіне шықты. 18 жастағы бойжеткен де 6 бауыры мен анасының жалғыз асыраушысы. Анасының айтуынша, әзірге жауаптылардан ешқандай көмек келмеген. Және ем-домға да біршама қаржы керектігін жеткізді.