Си Цзиньпин: Қытай Тайваньмен қайта қосылу процесін тұрақты түрде алға жылжытады

ҚХР Төрағасы Қытай Тайвань бұғазының екі жағалауы арасындағы қатынастардың бейбіт дамуына белсенді ықпал ететінін айтты.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай Тайвань мәселесіне сыртқы күштердің араласуына қарсы болады деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Си Цзиньпин ҚХР Тайваньмен қайта қосылу процесін «тұрақты түрде алға жылжытуға» ниетті деп уәде берді, деп хабарлайды The Guardian.

«Бір қытай» қағидатын берік ұстану және 1992 жылғы консенсусты сақтау, Тайвань бұғазының екі жағалауы арасындағы қатынастардың бейбіт дамуына белсенді түрде жәрдемдесу, Тайвань тәуелсіздігіне бағытталған сыртқы күштер мен сепаратистік әрекеттердің араласуына үзілді-кесілді қарсы тұру қажет,

деді Си Цзиньпин Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясының жабылу салтанатында.

Оның айтуынша, Қытай Коммунистік партиясы ешқашан Тайваньды басқарған емес, бірақ оны материкпен қайта қосылуы керек ренегат провинциясы ретінде қарастырады, қажет болған жағдайда күш қолдануы да мүмкін.

Ол сондай-ақ үлкен экономикалық тәуелсіздікке шақырды және Қытайдың дамуы мен қауіпсіздігін үйлестіру қажеттілігін атап өтті.

Қауіпсіздік – дамудың негізі. Тұрақтылық – өркендеудің негізі,

деді Си Цзиньпин.

Тайвань мәселесі 1949 жылдан бері, материкте коммунистік Қытай Халық Республикасы жарияланып, елдің бұрынғы Гоминдаң партиясы Тайваньға қашып кеткеннен бері ашық болып келеді. Бейжің «бір Қытай қағидасын» талап етеді, оған сәйкес ҚХР мен Қытай Республикасын Тайваньда бір уақытта тану мүмкін емес.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago