Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған үш адамның бірі қайтыс болды. Қалған екі науқастың жағдайы тұрақты.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігерлердің қолдан келген барлық шараны жасағанына қарамастан, сібір жарасын жұқтырып жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылы туған ер адам қайтыс болды.
Науқас сібір жарасы ауруының ауыр кезеңіне және басқа да аурулардың қатарласуына байланысты қайтыс болды. Сонымен қатар медициналық көмекке кеш жүгінгені де әсер етті,
делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Ауру жұқтырған қалған екі науқастың жағдайы тұрақты, олар үнемі дәрігерлердің бақылауында,
деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…