«Сюцай ілімі – қазаққа қарсы жоба, оның артында ФСБ тұр» — Ахметбек Нұрсила

Ахметбек Нұрсила сюцай ілімін жоққа шығарып, оның басында тұрған адамдарды тексеру керек екенін айтып дабыл қағуда

Сюцай секта ғана емес, қазаққа қарсы жасалған үлкен жоба. Бұның артында ФСБ тұр. Оны мен анық білемін. Өйткені Жанаттың ютубтағы хабарларын көрген кезде осыдан 7-8 жыл бұрын ол толық, түрі арақ ішетін адамға ұқсайтын болған. Арақ ішіп, Ресей, Латвия мемлекеттерінде үлкен оргиялар жасағаны жайлы маған Ресейдегі азаматтар хабарласып айтты. Маған жекеме сондай шағымдар түсті,

дейді ол.

Оның сөзінше Жанат Қожамжаровқа шетелдік азаматтар көмектескен көрінеді. 

Кейінгі кезде Жанаттың атағы танылып, түрі өзгеріп, әлеуметтік желідегі хабарлары керемет дами бастады. Қарасам қасында Ресейдің оқыған, жоғары дәрежелі азаматтарын көрдім,

дейді ол.

Ақпарат үшін: «Сюцай» – 21 ғасырдағы психологияны зерттейтін сандық ғылым. Оның нумерологиядан айырмашылығы да сол, Сюцайда, негізінен, басымдық адам өмірінің философиялық денгейіне беріледі. Сонымен қатар адамдардың күнделікті өмірі, қарым-қатынасы, алға қойған мақсаты, т.б. дүниелер айналамыздағы сандардың мәніне, энергиясына терең үңілу арқылы болжанады. Бірақ Сюцайды ғылым ретінде қарастырғандықтан, оны бақсылық не балгерлікпен шатастырмаған жөн.

Сюцай ғылымының негізі қалаушысы – Жанат Қожамжаров, ұлты қазақ, Семей өңірінің тумасы. Жанат Қожамжаров Қытайда жүрген кезінде  ұстазы Бақыт Нәсіпбековты(қазақ) кездестірген. Сөйтіп сол кісі Ж.Қожамжаровқа ғылымды және бойындағы энергияны сіңірген. Сюцай ілімін 10 жыл зерттеп және оны ғылым ретінде тіркеді. Жанат Қожамжаров – жай ғана ұстаз емес, Сюцай мектебінің негізін қалаушы, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық деңгейдегі білікті маман, комплементарлық медицина профессоры (дереккөз: e-history.kz)

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago