Экономика

Өскеменде Geely зауыты ашылуы мүмкін

Қытайлық автоөндіруші Өскемендегі «Азия Авто» зауытын қайта іске қосады деген болжам бар, дейді kolesa.kz.

Бірнеше күн бұрын Geely компаниясының өкілдері Шығыс Қазақстанға келді. Олар қала әкімінің орынбасары Дархан Сапановпен және бірқатар ведомство басшыларымен кездесті.

Іс-шара барысында автоөндіруші өкілдері Қазақстанда электромобиль шығару үшін қолайлы жер іздеп жүргенін айтып қалды. Нақты уақыт айтылмаса да, компанияның аймақтық директоры Хуан Шин бұл сұрақ қаралып, нарықты зерттеу жұмысы жүріп жатқанын хабарлады деп жазды altaynews.kz порталы.

Дархан Сапанов Шығыс Қазақстан облысы бірлесіп көлік өндіруге мүдделі екенін атап өтті. Оның үстіне машинажасау саласында бұл өңірдің тәжірибесі де, қажет инфрақұрылымы да бар.

Шенді 2021 жылғы көктемнен бері жұмысы тоқтап тұрған «Азия Авто» зауытын айтып тұрған сияқты. Ірі торапты әдіспен Lada, Chevrolet, Škoda және Kia модельдерін құрастырған компания мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасында 2020 жылы қарашада жанжал болып, кәсіпорынды жауып тастаған еді.

Қазақстан Geely өндірісін ұйымдастыруға осы «Азия Автоның» өндірістік қуатын пайдалануы мүмкін. Алаңды қайтадан саудаға қойғаны осы болжамға тағы бір дәлел болды. 5 331 490 297 теңгеден басталатын лот тыйым салған мүлікті өткізетін БЭСА-да (Бірыңғай электронды сауда алаңында) жарияланды.

Қазақстандағы Geely топтамасы 4 модельден тұрады. Арасында бірде-бір электромобиль жоқ. Гаммадан Coolray, Azkarra, Tugella және Monjaro кроссоверлерін таба аласыз.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago