Өскеменде сұлулық салонындағы процедурадан кейін әйел көз жұмды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өлім дерегі Өскемен прокуратурасында расталды. Әйел көзіне блефаропластика жасату үшін сұлулық салонына барғаны мәлім болды.
Сұлулық салонына 1962 жылы туған әйел көзіне блефаропластика жасату үшін жүгінген. Лицензиясы мен медициналық және басқа да қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ салон қызметкері процедура жасаған. Біраз уақыттан кейін әйел жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде көз жұмды,
делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилактика шогынан қайтыс болған. Сондай-ақ, биыл 16 сәуірде Қылмыстық кодекстің 322-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
Бұл бапта үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…