Соғыс: Ресей өз қаласын өзі бомбалады

20 сәуірде кешкі уақытта Ресей оңтүстігінде орналасқан өз қаласын қателесіп бомбалады. Ресейлік СУ-34 жойғыш ұшағы Белгород қаласына бомба тастаған.

Жарылыс нәтижесінде екі адам жараланып, жерде радиусы 20 метрлік шұңқыр пайда болған. Бұл туралы Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзінің telegram арнасында хабарлаған.

Жарылыстан кейін орталық көшелердің бірінің қиылысында (Ватутина-Губкина) радиусы 20 метр болатын үлкен шұңқыр пайда болды. Жақын маңдағы көпқабатты үйдің терезелері шытынаған. Төрт пәтер мен төрт көлік бүлінген, электр желісі тіреулері құлаған.

Жарылыстан жапа шеккен екі адамның бірінің миы шайқалып, №2 қалалық ауруханаға жеткізілді, ал екіншісіне сол сәтте жедел медициналық көмек көрсетілді.

«Жесть Белгород» телеграм арнасы «Пятерочка» деп аталатын дүкеннің шатырына соққының күшінен жеңіл көліктің ұшып кеп түскенін жазды.

Ресей Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаны «Су-34 ұшағы Белгород үстінде ұшу кезінде авиациялық оқ-дәрілердің нормадан тыс болуынан құлады» деп түсіндірген.

Нәтижесінде тұрғын үйлерге зақым келді, зардап шеккендер жоқ. Тергеу жүргізілуде,

делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. Қорғаныс министрлігі басқа мәліметтерді жарияламады.

Соңғы апталарда Ресей Федерациясының Украинамен шектесетін аймақтарында — Белгород, Брянск және Курск облыстарында атыс-шабыстар жиілей бастаған. Қалалардың басшылары адам шығыны мен үйлердің қирағанын жеткізген және оны Украина тарапы жасап отыр деп хабарлаған.

Киев бұл мәлімдемелерге түсінік берген жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago