Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Әскери емес Украина: Зеленскидің жұбайы, Нафтогаз дефолты және поляктарға арналған ерекше құқықтар
СаясатШолу

Әскери емес Украина: Зеленскидің жұбайы, Нафтогаз дефолты және поляктарға арналған ерекше құқықтар

Таңшолпан Төлеген
Таңшолпан Төлеген 29.07.2022
Обновлено 29.07.2022 в 03:07
Поделиться
Поделиться

Осы аптада Украинада Нафтогаз дефолты және Украина аумағындағы Польша азаматтарына арналған ерекше құқық енгізу заңы көп талқыланды.

Мазмұны
Жекешелендіруді қайта бастауBig Mac index және қосымша эмиссияВладимир және Елена ЗеленскиларСауалнамаларҮздік және сирек кездесетін монетаЖұмыссыздар саны өсіп жатырУкраин азаматшасы– MTV Video Music Awards 2022 сыйлығының номинанты

Бабель хабарлағандай, Жоғарғы Рада Украина аумағындағы Польша азаматтарына арналған ерекше құқық енгізу туралы заң қабылдады. Поляктар украиналықтар сияқты мүмкіндіктерге ие болады. Демек, Польша азаматтары Украина жерінде 18 ай бойы жүре алады. Поляктар арнайы рұқсат алмай-ақ жұмысқа орналаса алады, әлеуметтік жағынан қорғалады, білім, әлеуметтік төлем, медициналық көмек және тағы басқасын украиналықтармен бір деңгейде ала алады.

Жекешелендіруді қайта бастау

Жоғарғы Рада мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта бастауға мүмкіндік беретін №7451 заң жобасын екінші оқылымда қолдады. Ол 2022 жылғы 24 ақпанынан кейін тоқтатылған еді. Өйткені тізілімдер мен нотариустар жұмыс істемеді, ал Монополияға қарсы комитет рұқсат бермеді, деп еске салады Бабель. Заң жобасы соғыс қимылдары жалғасып жатқан аймақтардан кәсіпорындарды көшіруді жеңілдетеді.

Украинаның «Нафтогаз» ҰАК дефолтқа ұшырап, мерзімі 2022 және 2024 жылдардағы еурооблигациялары бойынша төлем жасамады. Компания мәлімдемесінде оның бондхолдерлермен есеп айырысуға ақшасы болғаны, бірақ Министрлер кабинеті бұған рұқсат бермегені айтылған.

ENTSO-E еуропалық энергетикалық жүйесінің операторлары Украинадан электр энергиясының экспортын тәулігіне 100-ден 250 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Экспорттың өсімі 30 шілдеде басталады.

Big Mac index және қосымша эмиссия

Украина банктері халық пен корпоративтік депозиттердің қалыпты өсуін күтеді және көтерме қаржыландыру одан әрі төмендейді деп сенеді.

Liga.net сайтының хабарлауынша, банктер несиеге сұраныстың қалыпты қайта жандануын күтеді және одан әрі қауіптің барлық түрі артады деп болжайды. Екінші тоқсанда олар соғыстың несие беру көрсеткіштеріне кері әсері күшейгенін анықтады. Несие сапасының нашарлауы, кәсіпкерлік субъектілерінің несиеге сұранысының қалыпты болуы, тұрғындар тарапынан сұраныстың азаюы және өтінімдерді мақұлдау деңгейінің төмендеуі байқалады.

«Салық амнистиясы» 6 айға – 2023 жылдың 1 наурызына дейін созылады. Еске салайық, 2021 жылы «Салық амнистиясы туралы» Заң қабылданды — жеке тұлғалардың өз мүлкін бір реттік ерікті декларациялауы және бюджетке біржолғы алым төлеуі енгізілді.

Ұлттық банк шілдеде мемлекеттік облигацияларды сатып алу арқылы 15 млрд грн болатын қосымша эмиссияны жүзеге асырды. Осылайша, кейінгі аптада 30 млрд грн «басылып» шықты.

Украинаның жалпы ішкі өнімі 2022 жылы 33%-ке төмендейді, ал 2023 жылы 4%-ке өседі. Бұл туралы Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі болжамында айтылған, деп хабарлайды Finance.ua.

Украина британдық The Economist журналының Big Mac index соңғы рейтингінде жоқ. Басылым гривенді долларға шаққандағы бағамын бағалай алмады, өйткені McDonald’s желісі фастфуд мейрамханаларын уақытша жауып тастаған еді. Сондықтан Украинадан әзірше бургер сатып ала алмайсыз.

Владимир және Елена Зеленскилар

Халықаралық Уинстон Черчилль қоғамы президент Владимир Зеленскиді Уинстон Черчилльдің көшбасшылық сыйлығымен марапаттады. Мемлекет басшысы марапаттау рәсіміне видеоконференция арқылы қатысты, деп хабарлайды Liga.net.

Ал Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленская Vogue журналының digital мұқабасының кейіпкеріне айналды. Vogue сайты: «Батылдық портреті: Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленская», — деп жариялады.

Сауалнамалар

Украиналықтардың басым көпшілігі Ресейге қатысты кез келген аумақтық жеңілдіктерге қарсы.Тіпті бұл үшін соғыс созылуы мүмкін болса да мейлі. Бейбітшілікке тезірек қол жеткізу және Украинаның тәуелсіздігін сақтау үшін кейбір аумақтан бас тартуды респонденттердің 10%-і ғана қолдады.

Бұл ретте Бабель хабарлауынша, Украинада респонденттердің 73%-і елдегі жағдай дұрыс бағытта жүріп жатыр деп есептесе, 12%-і бұл пікірге қарсы, қалған 15%-і бағалай алмаған.

Үздік және сирек кездесетін монета

2021 жылдың ең үздік монетасына ашық дауыс беру қорытындысы бойынша номиналы 5 гривналық «Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығына» естелік монетасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Liga.net. Ол «Тақырыпты үздік ашу», «Үздік көркемдік шешім», «Ең танымал монета» сияқты номинациялар бойынша үздік атанды.

Украинада сонау 1992 жылы соғылған бір гривен номиналы бар күміс монета сатылымға шықты. Оның басты ерекшелігі сол, оның номиналы 50 тиыннан қайта соғылған. Тиісті лот Violity профилінің сайтына шықты.

Жұмыссыздар саны өсіп жатыр

Соғыс кесірінен жұмысын жоғалтқандар саны қайтадан арта бастады. Маусымда олардың көлемі 35% болса, шілдеде 39%-ке жетті.

Украинада Омикрон штамының жаңа сорты тіркелді. Біз ва.5 типі деп аталатын түрі жайлы айтып отырмыз. Жеті дерек Черновцы облысында тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл түрдің басқа аймақтарда бұрыннан бар екенін жоққа шығармайды.

Украин азаматшасы– MTV Video Music Awards 2022 сыйлығының номинанты

Еуропалық хабар тарату одағы «Евровидение-2023» байқауын Украинада өткізбеу туралы соңғы шешімді қабылдады. Ән байқауы Ұлыбританияда өтеді, оның өкілі Eurovision 2022 байқауында екінші орын алған.

Украиналық режиссер Таня Муиньоның клиптері MTV Video Music Awards 2022 сыйлығының тоғыз номинациясына ие болды.

ТЕГи: Главное
Таңшолпан Төлеген 29.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?