Categories: Саясат

Әскери-оркестр дирижері жастарды борышын өтеуге шақырды

Тараз қаласындағы 85395 әскери бөлімінде әскери-оркестр дирижері майор Насыров Рүстем Құбайдуллаұлы жастарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақырды.

Оркестр 2008 жылы прапорщик Ақмолдаева Ғалия Төребекқызының бастамасымен құрылған. Рүстем Құбайдуллаұлы 2013 жылдан бері осында қызмет етіп келеді. Сол мерзімнен бастап түрлі деңгейдегі байқауларда, концерттерде, әскери шерулерде (парад) өнер көрсетіп жүр. Оркестр құрамында — концертмейстер, аға нұсқаушы музыкант, аға музыкант, маман музыкант лауазымдары бар. Әр музыканттың өз рөлі бар, әр инструменттің әр қалай орындалатын партиялары бар.

Насыров Рүстем 1998 жылдан бері әскери оркестрде қызмет етіп келеді. Бос уақытында сурет салғанды ұнатады, қолөнер шебері. Осы күнге дейін талай шәкірттерді тәрбиелеген.

Оркестр құрамында тәжірибелі музыканттар да жас мамандар да бар. Үрмелі аспап — қиын инструмент. Музыканттардың барлығы ойнай бермейді. Сол себепті де мұндай мамандар тапшы. Таразда мұндай музыкантар өте аз. Біздің оркестрдің құрамында болу үшін білімді, музыкалық қабілеті, ынтасы болуы тиіс. Біз өз білгенімізді жастарға үйретіп, шыңдаймыз. Әскери адам болған соң тек қана аспапта ойнаумен шектелмейміз, полигонда ату жаттығуларына қатысамыз, спорттық шараларға қатысамыз. Пандемияға дейін Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылатын оркестрлер сайысына қатысып тұратынбыз,

дейді Рүстем Құбайдуллаұлы.
Рүстем Құбайдуллаұлы

Әскери-оркестр дирижері қазіргі уақытта көпшіліктің әскер туралы ойы қате екенін айтады.

Әскер туралы тақырыпта көпшілік әлеуметтік желіде айтылатын сөздерге ілесіп кеткен. Негізі әскер дегеніміз адамды шыңдайтын орта. Әскерде жүріп, өзіңді машықтап, шыңдауға әбден болады. Барлық жастарды әскерге шақырамыз, Отанымызды қорғау әрқайсысымыздың парызымыз! Әскери техникалар, қару-жарақ түрлерін тек фильмдерден көріп қана қоймай, өзің басқарып, қолдану бір ғанибет! Заманауи техникалар қызықтырмай қоймасы анық. Бұған ынта болса жеткілікті,

деп түйіндеді дирижер.

«Әскери медиа» жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек, қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады.

Бұл іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясындағы «Әскери медиа» шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago