Мемлекет басшысының тапсырмасымен жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржы енді мектептер мен оларға қосымша құрылыстар салуға бағытталатын болады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында айтты.
Мұнда біз республика бойынша 100 миллиард теңгеге жуық ақша туралы айтып отырмыз. Қарашада қаражат бөлу басталады
, — деді премьер-министр.
Сонымен қатар министр облыс басшылығына «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірдегі оқушылар орнын көбейту шараларын қабылдауды тапсырды.