Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > Соңғы қоңырау: мектепте тікұшаққа тапсырыс берген ата-аналар бар
Білім

Соңғы қоңырау: мектепте тікұшаққа тапсырыс берген ата-аналар бар

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 12.05.2023
Обновлено 12.05.2023 в 09:05
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

«Соңғы қоңырау» деген сөздің өзі бүгінде құлаққа түрпідей естіледі. Неге соңғы? Өмір жолына алғаш қадам басу күні болар… Сондықтан да мектеп бітірушілер үшін мереке салтанатты түрде 20 маусымда оқушылар емтихандарын аяқтаған соң аттестатын қолына құрметпен ұсына отырып, мектеп бітіру кешін өткізген дұрыс емес пе?

Биыл оқу жылының соңғы күні мен зұлмат жылдарды еске алу күні тұспа-тұс келеді. Себебі, биыл мектептерде соңғы қоңырау жиыны 31 мамырда өтеді.

Қазақстанда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Мектеп оқушыларының қуанышы мен қазақ тарихындағы қасіретті жылдарды еске алып, аруақтарға тағзым ету бір күнде аталып өтіледі. Сондай-ақ түлектердің мектеп бітіру кешін ерекше атап өтетіні, қаржы жинау, ас та төк дастарқан үшін ата-аналар қаржы жинайтыны тағы бар. Осы мәселе жөнінде Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева арыз-шағым көп екенін айтты. Педагог пікірін Facebook-тағы парақшасында жариялады.   

Оның айтуынша, 31 мамыр – қаншама боздақтарды еске алып, осы бейбіт өмірімізге шүкіршілік ететін күн. Сол күні мектептерде оқушыларға түрлі деңгейде патриоттық тәрбие сағаттарын өтіп, ертеңіне 1 маусым – Балаларды қорғау күні жалпы тәрбиелік іс-шаралар мектеп қабырғаларында балалар үшін ұйымдастырылмақ. Педагогтің пікірін қаз-қалпында назарларыңыз ұсынып отырмыз.

Басқарма басшысы болғандықтан, көптеген арыз-шағым түсіп жатыр. 31 мамыр «соңғы қоңырау» деп жалдамалы қымбат көліктерге, аспанға адамдарды алып ұшатын әуе шарына, ақылы тікұшақтарға, тіпті коттедждерге дейін тапсырыс беріп қойған ата-аналар бар. Оны қалай түсінуге болады? Барлығы баламыздың көңілі үшін дейді. Ол қандай көңіл? Ал бала қауіпсіздігіне кім жауап береді? Апат айтып келмейді. Соңғы қоңырау күндері қаншама мектеп бітірушілер жол апатына ұшырап, таудан құлап мерт болған жоқ па?

Ол да сабақ болар уақыт жетті. Мектеп бітірушілерден мектепке, ұстаздарға сыйлық не үшін керек? Олар ақша тауып жатқан жоқ қой? Мектепті 20, 30, 40 жыл бұрын бітіргендер болса онда қарсы емеспіз. Өз алтын ұясына өзі өз болғанда қол ұшын созса, ересек адамдардың еркі өзінде…

Алайда, мектептердің материалдық базасы қанағаттанарлық, тіпті жақсы десек те болады. Мемлекет онсыз да қамқорлығына алып отыр емес пе?

Мектеп бітіру кешін емтихандар аяқталған соң аттестатпен бірге салтанатты түрде мерекелік кеш ұйымдастыра отырып табыс еткен дұрыс болар?..

Ол үшін ақша жинаудың, сыйлық берудің, не қажеті бар? Ал сол күні де балалар тойханаларда тойламай-ақ, өз мектебінде балалық шағының қызықты сәттерін еске алып, ұстаздарымен бірге өткізсе… Ол да үлкен тәрбие емес пе? Тойханаларда той тойлауға өмірі алда емес пе?

ТЕГи: Қазақстан, Руханият
Сая Манарбековна 12.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?