Солтүстік Қазақстан облысында гонконг тұмауы тіркелді

Солтүстік Қазақстанда гонконг тұмауы тіркелді. А типті Н3N2 вирусы үш адамнан анықталған. Бұл жөнінде өңірлік комуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.

Қазір науқастар тиісті ем алып жатыр. А типті Н3N2 вирусы ауа тамшылары арқылы беріледі. Мамандардың айтуынша, сырқаттанушылардың жағдайы ауыр болмаса, үй жағдайында емделуге болады.

Науқастар медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Кез келген тұмау түрі арнайы сараптама жасалғаннан кейін ғана анықталып, диагноз қойылады. Аталған вирусқа қарсы екпе бар. Эпидемиологиялық кезеңге дейін 75 мың адам вакцина алды. Тұрғындарға гигиеналық талаптарды сақтауға кеңес беремін. Қазір жаңажылдық корпоративтік жиындар көп өтіп жатыр. Әсіресе сондай шараларда сақтық таныту керек,

дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Өңірде шошқа тұмауымен ауырғандар саны 8  адамға жеткен. Мамандар бұл құбылысты маусымдық кезеңмен байланыстырды. Ал В типті тұмауға шалдыққандар саны 250 адамға жуықтады. Жұқпа әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында өршіп тұр.

Ауырғандардың 49-ы жүкті әйелдер болса, 78-і – 14 жасқа дейінгі балалар, олардың ішінде 44 оқушы. Мектеп, балабақшаларды карантинге жабу декректері жоқ. Өткен аптада кей мектепке дейінгі мекемеде жекелеген топтарда карантин енгізілген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago