Ауызсумен қамтылмаған елді мекендерде өңір халқының 26 пайызы тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 226 ауыл тіршілік көзінен таршылық көріп отыр. Тұрғындардың басым көпшілігі өз күштерімен құдық қазып алған, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Солтүстіктегі тұрғындардың басым көпшілігі өз күштерімен құдық қазып алған. Алайда құдықтағы судың сапасы талапқа сай келмейді. Таза суды көршілес елді-мекендерден тасып, жеткізетін тұрғындар да бар.
Ауыз су мәселесін басқару құрылымдары 2026 жылға дейін толық шешуді көздеп отыр. Облыс әкімдігі аудан басшыларына жобалық-сметалық құжаттарды жасауды жеделдетуді тапсырылды.
Жоспар бойынша 16 елді-мекенді сумен қамтамасыз ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 7,5 миллиард теңгеге қаражат бөлмек.