Фото: ашық дереккөзден
Баллистикалық зымыран орта жолда жарылып, теңізге құлады. Оңтүстік Корея әскері зымыран жарқыншақтарының Сары теңізден табылғанын растады.
Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжин Солтүстік Кореяның ұзақ қашықтыққа баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады.
Солтүстік Корея БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарларын айқын бұзды. Сондай-ақ Корей түбегінің және бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығына қауіп төндіретін әрі сорақы арандатушылық саналатын «спутник ұшыру» деген сылтаумен ұзақ қашықтыққа баллистикалық зымыран ұшырды. Біз аталмыш елдің бұл қадамын айыптаймыз. Солтүстік Корея келіссөз үстеліне қайта отырып, сабасына түседі деген үмітіміз бар,
деді Пак Чжин елімізге сапары барысында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.
Онтүстік Корея әскері құлаған зымыран жарқыншақтарын тексеріп, талдау жүргізді. Талдауға сәйкес, зымыран расымен де ғарыштық спутникті ұшыруға арналғандығы анықталды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…