Сомалиде Білім министрлігі ғимаратының алдында миналанған екі көлік жарылған. 100-ге жуық адам қаза тауып, 300-ден астамы жарақат алған.
Сомали астанасында екі күшті жарылыс болды. Қайғылы оқиға қала орталығында, мемлекеттік мекемелерге жақын жерде болған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Сомали астанасы Магадишодағы жарылыс салдары туралы жан түршігерлік кадрлар тарап жатыр. Білім министрлігі ғимаратының маңында болған жарылыстар лаңкестік әрекет екені белгілі.
Білім министрілігін әдейі нысанға алған террорлық шабуылды «Аль-Каида» (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымымен байланысы бар «Аш-Шабаб» өз мойнына алды. Аталмыш ұйым Сомали астанасын және шығыс Африка елінің көп бөлігін бақылауда ұстап келеді. Бес жыл бұрын дәл осы қиылыста жүк көлігінің жарылуы 500-ден астам адамның өмірін қиған болатын. Бұл шабуылды да «Аш-Шабаб» тобы ұйымдастырған еді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 100-ге жуық адам қаза тауып, 300-ден астамы жарақат алған.
Шабуыл Сомали үкіметі «Аш-Шабаб» экстремистік тобының содырларына қарсы бағытталған ауқымды операцияның барысын талқылап жатқан күні болды.
Сомали президенті Хасан Шейх Мохамуд Могадишодағы жарылыс салдарымен күресуге әлемдік мемлекеттерден көмек сұрады.
Біз бүкіл әлемдегі халықаралық серіктестеріміз бен мұсылман елдерінен дәрігерлерін осында жіберуді сұраймыз, өйткені зардап шеккендерді елден шығара алмаймыз,
деді ол.