Categories: Қоғам

Сорақылық төрге озған заман болды

Сахнаға шыққан әнші мас боп сөйледі, боқауыз да айтты, құтылды. Ұлттық құндылықтарды аяқасты еткендер тек кешірім сұраумен сытылды. Ал балағаттау насихатқа айналды. Оның алды телеарналарда жүр. «Хит ТВ» телеарнасының Qaz Stand Up’s бағдарламасы осының дәлелі. Кейінгі кезде мазмұны, контексі боқауыз сөздерге толы сериалдар қаптап келеді. Дөрекелік көріністері кинода ғана емес, кино эпизодтары арқылы да барлық әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр.

Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетованың Бас прокурор Берік Асыловқа және Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа жолдаған депутаттық сауалында «сорақылыққа жол бермеу үшін кино саласы жіті қадағалануы қажет» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, осыдан екі жыл бұрын «Қайрат болма, адам бол» деген сериалда қазақтың рухты есімін жерге таптаған. Олар енді толық метражды фильм ретінде кинотеатрларға шығып отыр деп есептейді мәжілісмен.

Соның бір көрінісі дәл қазір Қазақстанның барлық кинотеатрында көрсетіліп жатқан “Пацанские истории” фильмі. Әрине, 18+, 21+ жас санатына арналған мұндай фильмдерге ешқандай шектеу жоқ. Бірақ бұл әрекеттер біртұтас ұлттың тағдырына, қоғамға, идеологиямызға, мемлекеттік саясатқа кереғар әсер етіп жатқанын түсініп отырмыз ба?

деп сұрақ қояды ол.

ҚР кинематография туралы Заңының 8 бабының 3 тармағында “ҚР аумағында “21 жастан бастап” жас санаты бар фильмді кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда жергілікті уақытпен сағат 22:00-ден кейін таңға 06:00-ге дейін прокаттауға жол беріледі” деп нақты көрсетілген. Ал бұл фильмдер кинотеатрларда кешкі сағ 18:00-ден бастап көрсетіліп жүрген көрінеді.

Оң-солын танымаған жастар, ата-анасынан кешкі уақытқа сұранып шыққан жасөспірімдер емін-еркін көруде. Сонда бұл заңды білмеу ме, әлде көпе көрінеу заңды белден басу ма? Жаңа Қазақстанда заң үстемдігін орнатуға күш салып жатқанда мұндай сорақылыққа кім және не үшін жол беріп отыр? Прокаттауға рұқсат беретін Мәдениет министрлігі бұған не дейді? Ал жалпы белең алып бара жатқан мұндай арзан күлкі, бейпіл сөз, белден төмен әңгімелерге толы бейнеконтенттер, фильмдер, сериалдар өз алдына, енді бейәдеп сахналар, сайқымазаққа айналған халықтық шығармалар театрларда көрсетіле бастады. Оның бір мысалы, Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық театрда сахналанған Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” шығармасы. Көрдік. Қатты сасқанбыз, бетті басқанбыз. Қоғамның сұранысы деген желеумен ұлттық шығармаларды да былғай бастадық,

дейді ол.

Депутат осылай дей келе аталған киноның кинотеатрларда көрсетілу барысында заң талаптарының бұзылуына жол берген тиісті мекемелер Прокуратура тарапынан тексеріліп, тез арада жауапқа тартылуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, бұдан былай мұндай сорақылыққа жол бермеу үшін кино саласы жіті қадағалауға алынуы қажет деп мәлімдеді.

Тиісті министрлік прокат куәлігін берерде қоғамдық пікір мен мемлекеттік саясат тұрғысынан прокатқа шығатын фильмдерге талапты күшейтуі тиіс. Қарқынды әрі тез дамып жатқан сала болғандықтан, кино және шығармашылық индустриясын реттеуге қажет заңнама да жиі жаңарып отыруы заңды құбылыс. Сондықтан кинематография туралы заң әлі де зерттеліп, ұлттық құндылықтар мен идеологиялық мәселелер тұрғысынан күшейтіліп, нарық талаптарына сай механизмдер қарастырылуы керек. Әлеуметтік желідегі жарияланымдарға, театрға және басқа да қоғамдық орындарда көпшілік қауымға арналған қойылымдарға сахна әдебіне қатысты заң талаптары күшейтілуі керек,

деп түйді Мақпал Тәжмағамбетова.

Фильмдегі көрініс 2005 жылы Алматыда өрбиді. Тима, Рус және Каир есімді үш дос «бандиттер» әлемінде өмір сүреді. Ақшаға өте зәру болған жігіттер кез-келген қауіпті жолмен табуға дайын. Олар жергілікті аты шулы қылмыс әлемінің авторитеті Баха Цветомузыкамен танысып, қомақты ақшаға қырғыз елінен есірткі алып келуге келіседі.

Рөлдерде Эльтерес Нұржанов  (ауданның ең дұрыс баласы),  Шәріп Серік (Золушканың бандиті), Ілияс Жапаров (Базз Лайтер мультфильмін көрсетілімнен алып тастаған).

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago