Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Сот «5:32» веб-сериалына қатысты іске нүкте қойды
Қоғам

Сот «5:32» веб-сериалына қатысты іске нүкте қойды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 01.03.2023
Обновлено 01.03.2023 в 11:03
Поделиться
Фото: ЭК/Андрей Халин
Поделиться

Алматыда судья Salem Social Media компаниясы мен журналист Асқар Жалдинов арасындағы дауға үкім шығарды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот барлық мән-жайды ескеріп, парасаттылық пен әділеттілік қағидаттарына сүйеніп, талапты ішінара қанағаттандырды. Сондай-ақ жауапкерлерге кітапты пайдалану фактісін аталған сериалдың титрларына қосып, көпшілік алдында мойындауға міндеттеді. Жауапкерлерден талапкер пайдасына 1 000 АЕК (3 млн 450 мың теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) көлемінде өтемақы және 1 млн теңге моральдық залал әрі сот шығындары өндірілді. Ал талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды,

деп жазылған хабарламада.

Сот сценарий жазу кезінде авторлар Асқар Жалдиновтың «Вне протокола. Тайны громких преступлений в Казахстане» атты кітабынан деректерді алғанын анықтады. Жауапкерлер бұл фактіні мойындамады. Себебі кітап әртүрлі уақытта болған нақты қылмыстарға негізделген. Азаматтық кодекс бойынша ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер авторлық құқық объектісі болып саналмайды және талапкер оларды монополиялай алмайды.

Жалдинов сотқа жүгініп, Salem Social Media компаниясы, «5:32» сериалының режиссері әрі негізгі сценаристі Әлішер Утев авторлық құқықты бұзғаны үшін 15 мың АЕК (51 млн 750 мың теңге) өтемақы және 300 млн теңге моральдық залалды төлеуді әрі сериалдағы фактілер оның кітабынан алынғанын көпшілік алдында мойындауды талап етті.

Талапкердің пікірінше, аталған сериалдың 12 бөлімінің алтауында жауапкерлер оның кітабындағы деректерді көшіріп алған. Сот тараптардың барлық уәжін мұқият талдап, куәларды тыңдады. Нәтижесінде сараптамалық қорытындыларды зерделеп, бір қорытындыға келді.

Талапкер бұл кітапты жазу кезінде ІІМ мен республика соттарының мұрағаттарын, қылмыстық істер материалдарын зерделеп, жұмыс істеген. Сондай-ақ қылмыстарды ашуға тікелей қатысқан бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің естеліктерін авторлық интерпретацияны қолданып пайдаланған. Бұл әрекеттерді ескеріп, сот кітапты шығармашылық жұмыстың нәтижесі деп қорытынды шығарды,

деп жазылған хабарламада.

Сот отырысында талапкер Асқар Жалдинов Азаматтық процестік кодекстің 72-бабына сәйкес жауапкерлердің өзіне тиесілі құқықтарды заңсыз пайдалану фактісін жеткілікті дәрежеде дәлелдеді.

Жауапкерлер авторлық құқық объектісіне қатысты жасаған әрекеттерінің заң талаптарына сәйкес келетінін және автордың құқығын бұзбағанын дәлелдей алмады.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 01.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?