Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Жемқорлық > Сот үкімі шықса да Тимур Құлыбаев ҚазҰУ-дың жерін әлі қайтармаған
Жемқорлық

Сот үкімі шықса да Тимур Құлыбаев ҚазҰУ-дың жерін әлі қайтармаған

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 14.12.2023
Обновлено 14.12.2023 в 01:12
Поделиться
Поделиться

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі жер дауына әлі шешімін таппады. Биыл Алматы сотының үкімі бойынша жер оқу орнына қайтарылуы тиіс. Бірақ миллиардер Тимур Құлыбаевтың компаниясы жер ресурстары департаментімен соттасуда, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің Әл-Фараби даңғылымен шектесетін оңтүстік бөлігінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі компания «Atlas development» заманауи бизнес орталық салуда.

Бизнес орталық салынып жатқан жер телімі бұрыннан жеке меншікке өткен. Құрылысқа арналған қоршаудың ішінде, ғимараттың айналасында тұрған учаскелер университеттен қала әкімдігіне өтіп, әкімдік оны жеке компанияға жалға берген. Жалпы аумағы – 0,8 гектар. Онсыз ғимаратты салу, ашу мүмкін емес.

«Ақ жол» партиясы фракциясы осыған қатысты прокуратураға сауал жолдады. Прокуратура жерді алуда заң бұзушылық барын мойындады. Жер ресурстарын басқару комитеті Құлыбаевтың бизнестеріне қарайтын «Atlas development» ЖШС мен «Omirex» ЖШС-ны сотқа беріп, Алматының ауданаралық экономикалық соты арызды қанағаттандырып, үкім шығарған.

2022 жылғы 21 қазанда шыққан сот үкімінде Алматы әкімдігінің 2017 жылғы үш қаулысы қарастырылды.

  • Жер қатынастары басқармасы мен «Atlas development» компаниясы арасындағы жерді жалға беру туралы 2020 жылғы келісімшарттың күші жойылды;
  • Әл-Фараби университеті мен жер қатынастары басқармасының арасындағы жерді жалға беру туралы 2021 жылғы келісімшарттың күші жойылды;
  • Университеттің жерін 73,2 гектар қылып, бұрынғы қалпына келтіру міндеттелді;
  • Жауапкер мемлекет пайдасына 11 130 теңге төлеуге міндеттелді.

Осы үкімге сүйеніп, журналистер жер университетке қайтарылғанын мәлімдеді. Алайда бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрында учаскелердің құқық иесі ретінде әлі «Atlas development» компаниясы тұр.

Жер қатынастары заңгері, мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің сөзінше, жерді қайтаруға Бауыржан Байбектен кейінгі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұсында әкімдік бекіткен қаулылар кедергі келтіруде.

“2020 жылы, 2021 жылы Бақытжан Сағынтаев қабылдаған кейбір қаулылар соттың шешімі бойынша бұзылған жоқ”, – дейді Базарбек.

Жер ресурстарын басқару комитеті тағы бір сот процесі жүріп жатқанын айтты. Мекеме Алматы әкімдігі, жер басқармасы, Құлыбаевтың компанияларын жауапкер ретінде көрсетіп, даулы жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды жарамсыз деп тану туралы арыз берген.

Сағынтаевтың тұсындағы қаулылардың күшін жою жөнінде сотқа кеткен екінші арыз бойынша іс біршама уақытқа созылды. Экономикалық соттың судьясы Тұрғынбаев наурызда арызды қабылдап, маусымда іс жүргізуді тоқтатқан. Кейін қалалық сот алқасы істі қайта қарау керек деп ұйғарып, қазан айында судья Тұрғынбаев істі қайта қабылдаған. Қазір процесс жүріп жатыр. 

Тимур Құлыбаевтың «Atlas development» компаниясы әкімдіктен жалға алған жер телімдерінің ірісінің пайдалану мақсаты – паркинг құрылысы.

Ұлттық университеттің аумағынан биыл тағы екі жер учаскесі бөлінген. Бірінің аумағы – 8,5 гектар, екіншісі – 1,2 гектар. Кейбір жатақханалар осы аумаққа кіреді. Университеттің мәлімдеуінше, 8,5 гектар жерге жатақхана салатын инвестор іздестіріліп жатыр.

Анара Бауыржанқызы 14.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ОқиғаЖемқорлық

«Жетісу» футбол клубының директоры екі айға қамалды

03.06.2024
ЖемқорлықОқиға

ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды

31.05.2024
ОқиғаЖемқорлық

Прокурорлар бюджет ұрлығының алдын алды

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?