Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наиль Ахметзакировты сот әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады.
Жарлық Ақорда сайтына жарияланды.
«Мемлекет басшысының қаулысымен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды,
делінген хабарламада.
Ахметзакиров Наиль Рафисович 1983 жылы 30 мамырда ШҚО-да дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2008 жылы Ресей Федерациясының қазіргі гуманитарлық академиясын, 2016 жылы Ресей Федерациясының Бас прокуратура Академиясын бітірген.
Еңбек өтілін Шығыс Қазақстан облысының аудандық және облыстық прокуратурасында бастады.
2017 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының басшысы болды.
2018 жылдан 2019 жылға дейін Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2019 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін басқарды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…