Жүкті әйел Қарағандыдағы колонияда отырған күйеуіне кездесуге келген. Алайда оны көргенге дейін кенеттен толғағы басталып кеткен.
Колония қызметкерлері әйелге бірден көмек беруге кіріскен және жедел жәрдем шақырған.
Бұл менің де, күйеуімнің де бірінші баламыз. Мен онымен кездесуге келгенмін, себебі бала босанғаннан кейін біраз уақытқа дейін кездесе алмаймыз. Бәрі мен ойлағандай болады деп үміттенгенмін. Қатты уайымдап қойған сияқтымын,
деді жүкті әйел.
Әйелдің жолдасы ұрлық үшін сотталған. Ол таксафон арқылы жұбайымен сөйлескенде қауіпсіздігі үшін келмеуін өтінген, алайда әйелі оны тыңдамаған.
Мен қазірдің өзінде 48 жастамын, ал ол 37-де. Әйелімнің жүрегінің астында бала көтеріп жүргенін білгенде, қатты қуандым. Кездесуде біз тек сөйлесіп, құшақтасып үлгердік, өйткені ода бірден мерзімінен бұрын толғағы бастады. Мекеме қызметкерлерін шақырдым, олар жедел жәрдем шақырып, әйеліме көмектесті, сол үшін үлкен алғысымды білдіремін,
деді сотталушы.
Біраз уақыттан соң жедел жәрдем жүкті әйелді перзентханаға әкеткен. Кейін оның Арсений есімді ұл босанғаны хабарланды.