13 қарашада Ыстанбұлда туристер көп жүретін Истикляль көшесінде жарылыс болды. Салдарынан алты адам қаза тапты, 53 адам жарақат алды.
Ыстанбұл губернаторы Әли Ерликая Твиттерде жарылыс жергілікті уақытпен сағат 16:20-да болғанын жазды.
Жарылыстың себебі әлі белгісіз. Алайда Ыстанбұл прокуратурасы теракт болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «қорқынышты шабуыл» бомба арқылы жасалған деп отыр.
Қазақстан СІМ жексенбі күні түнде Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығы жараланғандар немесе қаза болғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатқанын мәлімдеді.