Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Ставкаларды есепке алу емес, ойын компанияларының «ақ» тізімі қажет
ҚоғамСпорт

Ставкаларды есепке алу емес, ойын компанияларының «ақ» тізімі қажет

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 18.04.2024
Обновлено 18.04.2024 в 04:04
Поделиться
Фото: freepik
Поделиться

Бизнес өкілдері заң жобасындағы түзетулерді талқылап жатыр.

15 сәуір күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылауға арналған сараптамалық кеңес өтті.

Қазақстанның букмекерлік кеңселерінің өзін-өзі реттеу ұйымының президенті Рауан Кенжалиннің айтуынша, Қазақстанда лицензиясы жоқ «офшорлық» шетелдік ойын компаниялары қиындық туғызып отыр. Заңсыз сайт ашып, жалт-жұлт еткен жарнамамен жастарды жаппай құмар ойынның құрығына түсіріп жатыр. Ережені елемейтін, салықты төлемейтін заңсыз құрылым шетелге триллион теңге шығарып отыр.

Болжам бойынша заңсыз индустрия көлемі жылына 1 трлн теңгеден асады, бұл мәселенің қаншалықты өзекті екеніне дәлел. Әлемдегі бірде-бір ел бұл түйткілді тарқата алмады. Бірақ кешенді тәсілдің тиімді екенін көрдік. Кең таралған әдіс заңсыз интернет ресурстар мен ақша аударымды бұғаттау, ал пассивті әдіске заңнама арқылы реттеу жатады,

дейді спикер.

ӨРҰ өкілдері қазіргі «қара парақтың» орнына «ақ парақ» жүйесін енгізуді ұсынады. Бұл төлем ұйымдарына қаржылық операцияны тексеруді жеңілдетеді деп санайды. «Бұған мемлекеттен ешқандай шығын керек емес, себебі лицензиясы бар ойын бизнесі субъектілерінің бірыңғай тізілімі бар», – дейді Рауан Кенжалин. Ол заңбұзушылық анықталса да, бұғаттау мен сот шешімі негізінде тізімге енгізуді көздейтін «қара парақ» жүйесі жетілмегенін, қазіргі солқылдақ заңмен шетелік заңсыз ойын бизнесімен күрес жүргізудің тиімсіздігін, ұзақ уақыт алатындығын айтады. «Ақ» тізім тиімдірек, тізімде жоқтар автоматты түрде заңсыз деп саналып, бұғатталады.

– Біз сондай-ақ, төлемді манипуляциялауға қарсы күресті күшейтуді ұсынамыз. Ақшаны жылыстатуға қарсы қазіргі жүйелер MCC (сатушы санатының коды) деп аталатын жалған кодтарды пайдалану қаупін жоққа шығармайды. Соның нәтижесінде интернет казиноның заңсыз қызметінен алынған қаражат банктік шоттарға басқа кодтармен немесе сан түрлі қызметті желеу етіп, шетелдік ұйымдардың шотына аударылуы мүмкін,

деді Кенжалин.

Мәселен, заңсыз ойын бизнесінен түскен ақшаның едәуір бөлігін такси, тамақ жеткізу, тазалау және т.б. қызметке ақы төлеу деп шетелге шығарылатыны анықталды.

Бұған қоса, ӨРҰ заң жобасында ұсынылғандай 25-тен емес, 21 жастан бастап құмар ойын ойнау жас шегін белгілеу қажет деп санайды. Қазір темекі мен алкогольді сатып алу да, лотереяларға қатысу да 21 жастан деп белгіленген. «Жас саясатында бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ете отырып, құмар ойындар мен бәс тігулерге ұқсас шектеулерді қолдану орынды», – дейді Рауан Кенжалин. Ол Қазақстанда 20-дан 25 жасқа дейінгі 1,1 миллионнан астам жас бар екенін және оларды заңды ойын бизнесінен шектеу заңсыз онлайн платформаларды пайдаланудың артуына әкелетінін жеткізді. Осылайша жастардың қорғалуы азаяды.

Сонымен қатар, ӨРҰ борышкерлерге құмар ойын ойнауға тыйым салуды мұқият зерттеу керек деп санайды. «Бұл тізімге әртүрлі қарызы бар адамдар, соның ішінде үшінші тұлғалар да кіреді. Конституцияға сәйкес, құқықтар мен бостандықтарды шектеу олар енгізілетін мақсаттар мен мүдделерге сәйкес болуы керек», – деді қауымдастық басшысы.

Бизнестің наразылығын тудырған өзге де ұсыныстардың ішінде «Ставкаларды есепке алу орталығы» деп аталатын лоббизмді атап өтуге болады. Мүдделі топтар мемлекет пен ойын бизнесі арасында үстемеақы алып отыратын жеке делдалдық компания құруды көздейтін түзету енгізгісі келеді. Тараптар бұл атышулы «ӨКМ операторының» кебін киетінін салды: ставкаларды есепке алу орталығы мемлекеттік органдардың функциясын айна-қатесіз қайталап, қазынаны қарпитыны анық. Бұл Қаржы мониторингі агенттігі, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, ҚР Туризм және спорт министрлігі сияқты мемлекеттік органдар арасындағы түсініспеушілікке апаратыны даусыз, деді Рауан Кенжалин.

Ставкаларды есепке алу орталығына жауапты ойын функциясын беру артық, өйткені бұл салаға мемлекеттік органдар, ойын бизнесінің субъектілері және клиенттері тартылған, деді ӨРҰ. Сонымен қатар, Рауан Кенжалин спортты қолдау мақсатында бәс тігуден комиссия ұстап қалу бойынша ставкаларды есепке алу орталығының қызметін жөнсіз деп санайды. Қазіргі уақытта мұндай заңсыз қосымша «салықты» енгізу қисынсыз. Букмекерлік ұйымдар онсыз да заң аясында мемлекетке салық (2023 жылы шамамен 110 млрд. теңге) төлейді, спорттық және әлеуметтік бастамаларға тікелей демеушілік жасайды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов те бұл мәселеге алаңдаушылық білдіріп, «ӨКМ операторын» мысалға тілге тиек еті, бірыңғай оператор құрудағы Қазақстанның тәжірибесіне тоқталды. Нарыққа бірыңғай операторды енгізуге қарсылық көрсетіп, бұл бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіріп, бизнес ортаға кері әсер етуі мүмкін екенін айтады. 

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Сайт Әкімшілігі 18.04.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?