Мұндай машинаға полисті өзге елдің азаматтары ғана рәсімдей алады.
Автокөлікті міндетті сақтандыру туралы заңның 10-бабына жаңа 5-2 тармақ қосылады, деп ескертеді kolesa.kz.
Ол бойынша:
«Қазақстан аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру шартын жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органның (Яғни, ҚР ІІМ ӘПК) бөлімшесінде тіркелген көлік құралына қатысты емес.
Мынадай машина халықаралық қозғалыста жүрген автомобиль деп саналады, «егер оны шетел азаматы немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ адам басқарса, және:
«Жол қозғалысы туралы» заңға тиісті өзгеріс енеді. Мұндай машина Қазақстанда бір жылға дейін тұра алады, бірақ жыл сайын 30 күн ел аумағында болмауы керек.
Басқаша айтқанда, енді сақтандыру алу үшін машина не Қазақстанда тіркелуі керек, не шетел азаматының меншігінде және оның басқаруында болуы керек. Қазақстан азаматы шетелдік нөмірі бар автокөлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды. Соған орай мұндай машинаны сақтандыру арқылы бір-біріне сата алмайды.
Қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда жүрген 100 мың шетелдік көліктің сақтандыру полисін жаңартуға тыйым салған. Бірақ бұл тізімге Ресейде тіркелген, Қазақстан азаматы мініп жүрген ресейлік машиналар енген жоқ. Жаңа жобаға қарасақ, жақында оларды да сақтандыруға тыйым салатын секілді. Мұндай көлікті 200 мың теңге төлеп, жеңілдікпен заңдастыруға болады, ол үшін машина сол рөлді болу керек және қылмыстық іздеуде жүрмесе болғаны. Бұдан кейін Қазақстанға өзі жүргізу және қайта сату мақсатында шетелдік көлік әкелуге болмайды.
Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу жобасын сенат қарап жатыр. Мақұлдаса, президенттің қол қоюына жібереді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…