Categories: Ғылым

Стресс адамнан адамға жұғады екен

Көптеген адамдар кей кезде стресске ұшырайды. Бұл тыныс алу немесе қартаю  сияқты – қашып құтылу мүмкін емес. Бірақ стресс жеке күйзеліс деп саналғанымен, бүгінде ғалымдар ол басқалардан жұғуы мүмкін деп санайды.

Ең алдымен, мамандар басқа адамдардан берілетін «эмпатикалық стресс» туралы айтады. Psychoneuroendocrinology журналында жарияланған мақалаға сәйкес, адам жақын адамының қиын жағдайда жүргенін көргенде, оларда да жоғары деңгейде кортизол бөлінуі мүмкін. Алайда «эмпатикалық стресс» тіпті бейтаныс адамға қатысты болуы мүмкін.

«Басқа адамның эмоцияларын, әсіресе жағымсыз эмоцияларды санадан тыс қабылдауымыз мүмкін. Бұл біздің эволюциялық өткенімізге байланысты, өйткені эмпатия қауіп пен қорқыныш туралы жеткізудің вербальды емес жолы болған», — деп түсіндіреді психология және неврология профессоры Тара Перро.

Current Biology журналында жарияланған тағы бір зерттеу эмоциялардың бір адамнан екіншісіне «айналы нейрондары» арқылы «берілуі» мүмкін екенін көрсетті. Бұл біреудің белгілі бір әрекетті орындағанын көргенде іске қосылатын ми жасушалары. Қарапайым мысал — «жұқпалы» болуы мүмкін – есінеу.

«Егер біреу дүрлігіп тұрса, онда ол стресс жағдайында тұр деген сөз. Дүрлігудің өзі, қорқыныш пен үрейлену сияқты адамдар арасында нақты себепсіз де пайда болуы мүмкін», — дейді неврология профессоры Джо Герберт.

Айтпақшы, эмоцияларға еліктеу тек адамдарда ғана кездеспейді. Мысалы, тұқымдастарының стресстік жағдайда екенін көрген егеуқұйрықтарда стресс гормоны деңгейінің жоғарылауы байқалады.

Тыныштық, тек тыныштық!

Алайда, іс жүзінде бәрі соншалықты қорқынышты емес. Стресс ағзаны кез-келген қауіпті жағдайға дайындауда маңызды рөл атқаратыны белгілі.

«Стресске жауап беру өте пайдалы. Бұл біздің денеміз бен миымызды стресспен күресуге дайындайды. Егер сізге қарай арыстан жүгірсе, сізде стресске деген күшті реакция туады, яғни глюкоза бөлініп, жүрек соғу жиілігі артады, ал ас қорыту сияқты қосалқы функциялар төмендейді», — деп түсіндіреді Перро.

Мәселе басқада – әрбір кішкентай нәрсе үшін стресске түсу ағзаға пайдадан гөрі көп зиян келтіруі мүмкін. Адамдар стресс ретінде қабылдайтын көптеген күнделікті жайттар бар.

Бұл, әрине, жаман жағы. Өйткені, тым жиі пайда болатын стресс физикалық және психологиялық денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бірақ жақсы жағы да бар – стресске реакция бейімделгіш сипатқа ие болғандықтан, сіз кез-келген жағымсыз факторларға сабырмен қарап үйренуіңіз болады. Жалпы, әдеттегідей, бәрі адамның өзіне және оның қоршаған болмысты қабылдауына байланысты. Шынында да, «стақан жартылай бос немесе жартылай толы».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago