Categories: Маңызды

Қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар Тоқаевты биліктен кетіргісі келеді

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар Тоқаевқа – енді швейцариялық «атқыштар» мен Әбілязов арқылы жаңа шабуыл жасау тактикасына көшті.

Швейцариялық басылымда «бұрын Тоқаевтың осы елде бизнесі болған» деген материал пайда болды. Материал кейбір электрондық хаттардың негізінде жазылған. Алайда содан басқа ешқандай факті жоқ. Бір қызығы, швейцариялық «атқыштар» бұрын қашқын банкир Аблязовты қуғындауған секілді «тергеу» жүргізді. Бұл материалды Әблязов пен оның сыбайластары да таратып жатыр.

Әр түрлі ақпарат көздерінен қаңтардағы тәртіпсіздіктерді сырттан қолдаған ұйымдастырушылар Президент сайлауы қарсаңында күшейе түскені туралы ақпарат тарап жатыр. Олар Тоқаевты төңкеріс арқылы құлата алмады. Кейбір ұйымдастырушылар жеңіліп және тұтқындалғаннан кейін олар біраз уақытқа дейін тынышталып қалды. Шамалы демалып, күш жинап алған соң, екінші жоспарын іске асыруға кірісті. Тіпті, сайлау алдында жымысқы жоспарларын бастады. Неге сайлау алдында?

«Мемлекетке опасыздық жасады» деп айыпталған Кәрім Мәсімов ұзақ уақыт бойы Әблязовқа қарсы образ жасап жүрді. Сөйтіп көпшілік алдында рөл ойнады. Алайда, псевдо-оппозиционерді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, оны билікке шабуыл жасау мақсатында пайдаланып келді. Қазір де сол Әбілязов арқылы Тоқаевтың қарсыластары елдің реформалануы мен демократиялануына кедергі келтіру үшін шетелдегі қашқын банкирді президенттік сайлау алдында «ақпараттық шабуылға» пайдаланып отыр. Олардың мақсаты – Тоқаевтың президент ретінде қайта сайлануына кедергі келтіру.

Бірақ халық ақымақ емес, халық кімнің кім екенін жақсы біледі. Мемлекет басшысының реформалары көпшілікке ұнайды. Ал шетелде арнайы боттар жалдап, шабуыл жасап жатқандар жетістікке жете алмайды. Бекерге итше ұлып қалады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

5 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago