Қайрат Құдайбергеннің қамаудағы мерзімі тағы 4 айға ұзартылды

Ол 22 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі төрт айға дейін ұзартылды, деп хабарлайды, ҚазТАГ агенттігі.

«21 шілдеде Алматы қалалық тергеу сотының шешімімен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтінішхат қанағаттандырылды. Яғни 4 айға дейін ұзартылды.  Ұзартылған мерзімі – 21 тамыз,

деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қалалық прокуратурасында Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге қатысты істің мән-жайы жарияланған болатын.

Қаңтар оқиғасында  Қайрат Құдайберген Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 24 жолаушыны ұрлап кеткені үшін айыпталған «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің қасында жиі көзге түскен. Кейін ұрланғандардың бірі қайтыс болғаны анықталды. Қазір криминалды авторитет қамауда. Ал Қайрат Құдайберген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен сәуірдің 22-сі күні уақытша ұстау изоляторына қамалды. 20 шілдеде Қайрат Құдайберген Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық мандатынан айырылып, «Аманат» партиясынан шығарылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

16 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

16 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

17 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago