Шығыс Қазақстан облыстық соты Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарап, мұны қанағаттандырмай тастады.
Сот сотталушының тәртіп бұзушылығы мен тұрақсыз мінез-құлқы бар екенін, сондықтан бұл өтінішті қабылдау тым ерте екенін жеткізді.
Қайрат Сатыбалды Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша еліміздің ең ықпалды бизнесмендерінің тізіміне енген.
Ол Астана қаласы әкімінің орынбасары, «ҚТЖ» бірінші вице-президенті, «Нұр Отан»партиясының хатшысы болған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында басшы офицерлік лауазымдарда қызмет еткен. Діндарлығымен танымал.
Өткен жылдың наурыз айында Дубайға ұшқалы жатқан жерінен ұсталды, содан бері қамауда. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жымқыру туралы істі сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы 24 тамызда хабарлады. Оны сот Астанада 2022 жылдың қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жеке эпизодтар бойынша тергеу 2023 жылы да жалғасты.