Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Аналар мерекесі аталып өтті
Қоғам

Аналар мерекесі аталып өтті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 22.09.2023
Обновлено 22.09.2023 в 10:09
Поделиться
Поделиться

Қазақстанда қыркүйек айының үшінші жексенбісінде халықаралық аналар күні тойланды. Бұл күн отбасының ұйтқысы болып отырған аналарды құрметтеу мақсатында пайда болған. Аталған мереке әрі жеке, әрі баршаға ортақ. 

Бұл күні жанұяның барлық мүшесі «ана» деген ардақты атты арқалап отырған нәзік жандыға алғыс айтып, оған деген махаббатын ашық білдіруі тиіс.

Ана – жүрегі әрдайым «бала» деп соғатын абзал жан. Ол кез келген уақытта баласын қорғауға дайын. Баланың аузына бар тәттіні тосып, «баланың табанына кірген шөңге маңдайына қадалып», жатырын жарып шыққан бөбегін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бағып-қағып, әлпештеп, аялап өсіреді. Балаға бар жақсысын беруге тырысып, ешкімнен кем болмасын деп алға жетелейді.

Қазақ халқы ықылым заманнан ананы биік қойған. Ана деп ән салып, өлең жазып «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деп ақ жаулықты ананы қастерлейді.

Мұсылман дінінде ананың разылығын алмаған баланың жолы жабылады деп есептейді.

Мұсылмандар үшін Иса пайғамбардың анасы Мәриям – ислам дініндегі ең құрметті аналардың бірі болып есептеледі. Мұсылмандар Мәриямды өз заманының жауһары деп таниды, Құран Кәрімнің № 19 сүресі Мәриямның есімімен аталған.

Қазақстанда аналарға қандай көмек бар?

Елімізде ана мен баланы қорғау мемлекеттік саясат аясында жүзеге асады. Арнайы мемлекеттік төлемдер тағайындалған. 2022 жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы өз Жолдауында бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының мерзімін ұлғайтуды тапсырды. Осылайша 2023 жылдың қаңтар айынан бастап бала күтіміне арналған төлем бала 1,5 жасқа жеткенше (бұрын тек бір жасқа дейін еді) берілетін болды. Бірінші бала үшін – 19872 теңге (5,76 АЕК); екінші бала үшін – 23495 теңге (6,81 АЕК): үшінші бала үшін– 27083 теңге (7,85 АЕК); төрт және одан көп бала үшін – 30705 теңге (8,9 АЕК) беріліп отыр.

Жұмыс істейтін аналар үшін де әлеуметтік төлем бала бір жарым жасқа жеткенше беріледі. Әлеуметтік төлемнің көлемі кейінгі екі жылда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-ын құрайды. Одан бөлек, отбасы кіріс көлеміне қарамастан бірінші, екінші, үшінші бала туған жағдайда 131100 теңге (38 АЕК) көлемінде төлемақы алады.

Төрт және одан көп бала дүниеге келгені үшін 63 АЕК жәрдемақы беріледі. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 217 350 теңгені құрайды. Егіз немесе үшем туылған жағдайда жәрдемақы әр балаға төленеді, көлемі баланың отбасында нешінші боп туғанына байланысты бекітіледі.

Кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы отбасыға бала санына қарай беріледі.

2023 жылы оның мөлшері: 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге; 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге; 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге; 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96,807 теңге; 8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 110 607 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК немесе 13 800 теңгені құрады.

2023 жылы «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статус енгізілді. Соның аясында марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Осылайша жаңа жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар табысына қарамастан ай сайын 25 530 теңге алып отыр.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналар, қамқоршылар 2023 жылдың қаңтарынан бастап 56794 теңге алады.

Баласы бар отбасыларға баса мән берілді. 2024 жылдан бастап балалар 18 жасқа толғанша Ұлттық қордың кірісінен жыл сайын 50% аударылады. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерінің төлемақысын ұлғайту мәселесі тағы қаралатын болады.

Анара Бауыржанқызы 22.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамБілімРуханият

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

26.09.2025
ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?