Қазнет кеңістігінде ең көп талқыланған тақырыптардың бірі- Андорраның Қазақстандықтар үшін визасыз болуы, «Келинка Сабина» фильміне тыйым салу және ұлттық-патриоттық лагерь өкілдеріне үкім шығару болды…
Бейінді министрлік жүзеге асыратын цифрландыру саласындағы жаңа реформаларды талқылау жалғасуда. Комментаторлардың пікірінше президенттің сыны олардың жұмысын жандандыруға түрткі болды. Атап айтқанда, «Зерде» холдингінің таратылуы мен технологиялық жаңалықтардың арқасында бюрократиялық рәсімдерді азайту шаралары оң бағалануда.
Қазақстандық туристер енді Андорраға 90 күнге визасыз бара алады. Бұл жаңалық ел тұрғындарын қуантты. Оқырмандардың пайымдауынша аталмыш өзгерістер Еуропамен жақындасып, Ресейдің ықпалынан кетуге жол ашады.
Экономикалық ресурастарды заңсыз шоғырландыру мәселесіне қатысты комиссияның шешімі де халықтың назарына ілікті. Атап айтқанда жұмыстың бірінші айында 230 млрд теңгеге жуық қаражатты қайтару. Шығыс Қазақстанда Виктор Храпуновқа тиесілі жер учаскелерін тәркілеу, сондай-ақ Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеудің жаңа тұстары.
Бас прокуратура қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Ақтөбе әуежайын басып алу ісіне қатысты мәліметті толықтырды. Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар қазіргі биліктің жақтаушылары мен тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қолдайтын оппозициялық аудитория арасында пікірталас тудырды.
Алматы қалалық соты ұлттық-патриоттық лагерьдің екі танымал өкілі – Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбаевтың үкімін өз күшінде қалдырды. Екеуі де бес жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда Боранбайға апелляциялық сотта тағы екі ай қосылды. Бұл оқиға оппозициялық ой белсенділері мен биліктің қарапайым сыншыларына мүлдем ұнамады.
Блокчейн технологиясы қазақстандық сарапшылардың назарын өзіне аударып отыр. Бұл ретте еліміздің мета-әлемге ауысықысы келетін ниеті тек әзіл ретінде қабылданды. Қалың жұрт арасында негативті беделге ие пенитенциарлық жүйе осындай күрделі міндетті іске асыруына күмән бар.
Елімізде сынап бағанасы 45 градусқа дейін жоғарылайды. Ауруханалар гипертонияға шалдыққандармен толығады деген қорқынышты ақпарат жұртты алаңдатты. Осыған орай әлеуметтік желілерде ыстықтан қорғанудың мүмкін жолдары талқылануда.
«Базз Лайтер» мультфильмін көрсетуге тыйыс салу төңірегіндегі жанжал әлі де жалғасуда. Енді «Келинка Сабина» фильмін көрсетуді доғару туралы петиция жинау тақырыбы талқыға түсті. Фильмде белгілі шоумен Нұртас Адамбай әйел рөлін сомдайды. Дәл осы белгілі тұлғаның мультфильмге деген теріс көзқарасы ерекше көзге іліккен еді.
Ең резонансты төтенше оқиға Алматы облысында орын алды. Мас жүргізуші әдейі көршісінің жылқысын көлікпен басып өткен. Таңқалдырған бейнебаян мессенджерлерде кең таралды. Алайда көптеген БАҚ оны жариялаудан бас тартқан.
Сондай-ақ ақтаулық кәсіпкер Арман Тугаевтың қамауға алынуы да ерекше назарға ілікті. Ол әлемдік белгілі спортшы Хабиб Нұрмагомедовтың бұқарамен кездесуі кезінде полиция қызметкерін итеріп жіберген. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында бизнесмен қолдау таба білді. Ал полиция қызметкерлері туралы халық агрессивті пікірде.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…