«Түрменің ағаш кортында ойнауға мәжбүр болдым». Ресей теннисшілері не үшін Қазақстанға ауысқандары туралы

Теннисші Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісі Қазақстан халқын ғана емес, ресейліктерді де дүр сілкіндірді. Елена Мәскеуде туылып, 18 жасына дейін Ресейде жаттыққан. Алайда кейін Қазақстан құрамасына ауысып, азаматтығын өзгерткен. Рыбакинаның жеңісінен кейін екі елдің теннис федерациясы арасында талас-тартыс басталды. Дегенмен бір нәрсе аян: өз мансабындағы басты жетістіктерге (Уимблдон және әйелдер турниріндегі екі титул) Рыбакина Ресейдің емес, Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен жетті.

Ресейлік Ведомости басылымы Ресей құрамасынан Қазақстанға ауысып, жетістікке жеткен теннис спортшылары туралы жазды.

Ярослава Шведова

Басылым ең бірінші болып 2008 жылы Қазақстанның ұсынысын қабылдаған Ярослава Шведоваға тоқталды. Қазақстан туы астында Шведова Уимблдон мен 2010 жылы АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алып, жұптасып өнер көрсетуші ретінде ашылғанын жазады. Шведова әр түрлі серіктестерімен тағы 10 трофей жеңіп алған және жұптық рейтингте әлемнің үшінші ракеткасы мәртебесіне ие болған. Және ол «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі торында «Алтын сетті» ұтып алған тарихтағы жалғыз адам.

Қазақстан құрамасына ауыспасам мансабым қалай жалғасар еді, білмеймін, бірақ ауысқаным маған қатты көмектесті. Бұрын мен үнемі қаржылық қиындықтарға тап болатынмын. Жаттығу туралы емес, келесі турнирге бару үшін ақшаны қайдан алуға болатындығы туралы ойлануға тура келді. Қазақстан барлық мәселемді бірден шешіп берді, үздік жаттықтырушы жалдай алдым, менімен жарыстарға баратын ЖФД бойынша жаттықтырушы пайда болды. Бұрын мен бұл туралы армандамайтынмын да. Оған қоса, қазір менде жаттығуға арналған орындар бар, Қазақстандағы кез келген спорттық база әрқашан маған ашық,

деген екен Шведова «Советский спортқа» берген сұхбатында.

Михаил Кукушкин

Шведовамен бірге 2008 жылы Қазақстан туы астында Михаил Кукушкин де өнер көрсете бастады. Спорттық азаматтығын айырбастағанға дейін Волгоградтың тумасы екі жүзінші рейтингтің ортасында болды және қаржылық қолдауды қажет етті. Қазақстан Михаилге көмектесті, ол Дэвис Кубогының ширек финалына бірнеше рет шығып, Санкт-Петербургтегі турнирде жеңіске жетті. 2019 жылы Кукушкин мансабында алғаш рет рейтингте топ-40-қа кірді. Кукушкин де Шведова сияқты Ресейде тұрғанда бала кезінен ешқалай қолдау таппағанына налыған.

Бос бассейнде ойнаған кездерім болды. Жұмыс істеп тұрған түрменің ағаш кортында ойнауға мәжбүр болатынмын. Таңғы алтыда мектеп алдында, кейін сабақ біткен соң дайындалатынмын. Кейде оқудың орнына теннис ойнайтынмын. Ол кездері жаттығу мүмкіндігі шектеулі болды. Корт жалдау қиын болатын және ойынға серік табу да қиынға соғатын. Мені 17 жасыма дейін жаттықтырған әкем Александрдың көмегімен ойын деңгейім өсіп отырды,

дейді спортшы.

Андрей Голубев

Дэвис Кубогындағы көптеген матчтарда Кукушкиннің серіктесі Андрей Голубев болды. Ол да 2008 жылы Қазақстан құрамасына ауысқан. 2014 жылы ширек финалда Голубев әлемнің үшінші ракеткасы Стэн Вавринканы жеңді, ал Александр Недовесовпен жұптасып, Вавринка мен Роджер Федерердің дуэтін жеңді.

Нәтижесінде Голубев жұптасып өнер көрсетуден біршама табысқа жетті. Осы жылдың мамыр айында Андрей рейтингтің рекордтық 21-ші қатарына көтерілді. Голубев жұптасып өнер көрсетуден титулға жете алмады, дегенмен өткен жылы ол «Ролан Гаррос» финалына жетті.

Қазақстанның ұсынысына келіскеніме бірде бір рет өкінген емеспін. Керісінше, мен осы ел атынан халықаралық ареналарда өнер көрсете бастағанымда мансабымда жоғарылай бастадым. Бұл ауысудан тек ұттым,

деп сұхбат берген екен Голубев 2017 жылы.

Юлия Путинцева

Шведовадан кейін қазақстандық теннистің басты жұлдызы Юлия Путинцева болды, дейді Ресей басылымы. 2012 жылы спорттық азаматтығын ауыстырғаннан кейін, үш жылдан кейін Юлия рейтингтің үздік 50-не кірді, ал 2020 жылы ол үздік 30-ға кірді. Оның есебінде Нюрнберг пен Будапештте ұтқан екі титул бар, «Ролан Гарростың» ширек финалына екі рет шыққаны және Рыбакинаға дейін бірнеше жыл бойы Қазақстанның бірінші ракеткасы атағы бар.

Ведомости мәліметінше, Юлияға Ресейде жетістікке жетуіне оның бойы (163 см) кедергі болған.

Мені айналамдағы барлық нәрсе ынталандырады. Мен бәріне дәлелдегім келеді. Ресейдегі мансабымның басталуы өте қиын болды. Олар маған тым аласасың, тым ашулысың дейтін… Бірақ соған қарамастан мен жетістікке жеттім,

дейді Путинцева.

Қазір бұл мені алаңдатпайды. Бірақ жас әрі талантты балаларға жаным ашиды, бойлары аласа болса оларға ешкім сенбейді. Ойнай алсаңыз бойдың маңызы жоқ екенін айтқым келеді. Өзіңнің мықты тұсыңды пайдалану керек,

деп ақыл-кеңесін айтады спортшы.

Александр Бублик

Қазақстан құрамасына ауысқанына қуанатын тағы бір теннисші – Александр Бублик. Ленинград облысының тумасы қазір Қазақстанның үздік ойыншысы. 2020 жылы Бублик Михаил Кукушкинмен бірге Australian Open-нің жартылай финалына дейін жетті, ал 2021 жылы Андрей Голубевпен «Ролан Гарростың» финалында ойнады.

Бубликтің айтуынша, Ресейде оған теннисші ретінде дамуға мүмкіндік бермеген.

«Өткен жылы тіпті Ресейде өткен турнирлерге жалғыз баруға мәжбүр болдым», — деді теннисші Қазақстан құрамасына ауысқаннан кейін бір жыл өткен соң.

Қазір мен Австралияға отбасыммен және жаттықтырушыммен бара аламын, ал маусым алдындағы жиындарды Майамиде бүкіл командамен өткізе аламын. Айырмашылық тек ақшада ғана емес, бар жағынан. Маған жаттығу жасау мен даму үшін тамаша жағдайлар жасалды. Көзқарас өзгерді: қазір адамдар маған назар аудара бастады. Менде қазір қажеттінің бәрі бар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

8 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago