Categories: Шолу

Байлықты тәркілеу және Еуропамен жақындасу. 19 шілде

Қазнет кеңістігінде ең көп талқыланған тақырыптардың бірі- Андорраның Қазақстандықтар үшін  визасыз болуы, «Келинка Сабина» фильміне тыйым салу және ұлттық-патриоттық лагерь өкілдеріне үкім шығару болды…

Бейінді министрлік жүзеге асыратын цифрландыру саласындағы жаңа реформаларды талқылау жалғасуда. Комментаторлардың пікірінше президенттің сыны олардың жұмысын жандандыруға түрткі болды. Атап айтқанда, «Зерде» холдингінің таратылуы мен технологиялық жаңалықтардың арқасында бюрократиялық рәсімдерді азайту шаралары оң бағалануда.

Қазақстандық туристер енді Андорраға 90 күнге визасыз бара алады. Бұл жаңалық ел тұрғындарын қуантты. Оқырмандардың пайымдауынша аталмыш өзгерістер Еуропамен жақындасып, Ресейдің ықпалынан кетуге жол ашады.

Экономикалық ресурастарды заңсыз шоғырландыру мәселесіне қатысты комиссияның шешімі де халықтың назарына ілікті. Атап айтқанда жұмыстың бірінші айында 230 млрд теңгеге жуық қаражатты қайтару. Шығыс Қазақстанда Виктор Храпуновқа тиесілі жер учаскелерін тәркілеу, сондай-ақ Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеудің жаңа тұстары.

Бас прокуратура қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Ақтөбе әуежайын басып алу ісіне қатысты мәліметті толықтырды. Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар қазіргі биліктің жақтаушылары мен тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қолдайтын оппозициялық аудитория арасында пікірталас тудырды.

Алматы қалалық соты ұлттық-патриоттық лагерьдің екі танымал өкілі – Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбаевтың үкімін өз күшінде қалдырды. Екеуі де бес жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда Боранбайға апелляциялық сотта тағы екі ай қосылды. Бұл оқиға оппозициялық ой белсенділері мен биліктің қарапайым сыншыларына мүлдем ұнамады.

Блокчейн технологиясы қазақстандық сарапшылардың назарын өзіне аударып отыр. Бұл ретте еліміздің мета-әлемге ауысықысы келетін ниеті тек әзіл ретінде қабылданды.  Қалың жұрт арасында негативті беделге ие пенитенциарлық жүйе осындай күрделі міндетті іске асыруына күмән бар.  

Елімізде сынап бағанасы 45 градусқа дейін жоғарылайды. Ауруханалар гипертонияға шалдыққандармен толығады деген қорқынышты ақпарат жұртты алаңдатты. Осыған орай әлеуметтік желілерде ыстықтан қорғанудың мүмкін жолдары талқылануда.

«Базз Лайтер» мультфильмін көрсетуге тыйыс салу төңірегіндегі жанжал әлі де жалғасуда. Енді «Келинка Сабина» фильмін көрсетуді доғару туралы петиция жинау тақырыбы талқыға түсті. Фильмде белгілі шоумен Нұртас Адамбай әйел рөлін сомдайды. Дәл осы белгілі тұлғаның мультфильмге деген теріс көзқарасы ерекше көзге іліккен еді.

Ең резонансты төтенше оқиға Алматы облысында орын алды. Мас жүргізуші әдейі көршісінің жылқысын көлікпен  басып өткен. Таңқалдырған бейнебаян мессенджерлерде кең таралды. Алайда көптеген БАҚ оны жариялаудан бас тартқан.

Сондай-ақ ақтаулық кәсіпкер Арман Тугаевтың қамауға алынуы да ерекше назарға ілікті. Ол әлемдік белгілі спортшы Хабиб Нұрмагомедовтың бұқарамен кездесуі кезінде полиция қызметкерін итеріп жіберген. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында бизнесмен қолдау таба білді. Ал полиция қызметкерлері туралы халық агрессивті пікірде.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

15 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

22 часа ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

22 часа ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

22 часа ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago