Болашақтың қаласы: шындық пен жалған

Шындық (?)

Арабтар шөлде жаңа қала тұрғызбақ.

Бастапқыда жоба The Line деп аталды, өйткені ол бір-біріне параллель түзудің бойында орналасқан екі ғимараттан тұрады.  Оның ұзындығы 170 шақырым, биіктігі 490 метр болуы керек еді.

Фото: wsj.com

WSJ мәліметінше, қаланың атауы Mirror Line болып өзгертілді. Зәулім ғимараттар сыртынан толығымен айналанып, қаланың ұзындығы шамамен 120 шақырымға дейін қысқартылды.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның айтуынша, 2030 жылға қарай онда адамзат қоныстана алады. Алайда құрылыстың аяқталу мерзімі өзгерді. Инженерлердің болжамына сай 2050 жылға дейін созылуы мүмкін.

Зәулім қаланың сыйымдылығы да өзгерді: бастапқыда миллион тұрғын туралы айтылған еді, енді онда 5 миллионға дейін адам тұра алады деп жоспарлануда.

Жоба бойынша қала жасанды интеллектті де қолданады. Ол күнделікті өмірді жақсарту жолдарын табуға көмектеспек. Сонымен қатар, жобаны жасаушылар «Mirror Line» қаласы 380 000-ға дейін жаңа жұмыс орнын ашады деп күтеді.

Жобаның құны екі есе өсті: 500 млрд-тан 1 трлн долларға дейін.

Фото: wsj.com

Mirror Line инфрақұрылымы туралы мәліметтер ішкі құжаттарда пайда болды. 300 метр биіктікте стадион салынып, жағасында кемелер айлағы пайда болады (қаланың пейзажында шексіз құмдардан басқа Қызыл теңіз пайда болады).

Дегенмен, жоба алғашқы қиындықтарға тап болды. Сауд Арабиясының билігі әлі күнге дейін шетелден инвестиция тарта алмай отыр. Кейбір батыс елдері адам құқықтарының бұзылуын алға тартуда. Атап айтқанда, 2018 жылы журналист Жамал Хашоггидің өлімі.

Фото: wsj.com

Оның үстіне экологтар да қарсылық көрсете бастады. Олардың пікірінше, биіктігі 490 метр болатын тұтас бір қала қоныс аударатын құстардың ұшуына кедергі жасайды. Айналардан мүлде шатасып кетуі мүмкін.

Жоба авторлары мен жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Сауд Арабиясының шөлді қаласы экологиялық жоба, бұл елдің мұнай өнеркәсібіне тәуелділігін азайту жөніндегі Neom бастамасының бір бөлігі.

Қаланың  маңында автожолдар мен көліктер болмайды , тек жаяу жүргіншілер жолы ғана болады. Ал жер астында сервистік инфрақұрылым мен тасымал құралдары сонда орналасады. Тек жаңартылатын энергияны пайдалану жоспарлануда.

Жобаны жасаушылар экоқаланың өмір сүруге жайлы мекенге айналатынын атап өтті. Қала тұрғынының өміріне қажетті барлық қызметтер мен сервистер жаяу жүру бойынша қолжетімді болады. The Line қаласының бір ұшынан келесі басына жету ең көп дегенде 20 минутты алады.

Бұл тек ойымыздағы жоба, ал болашақ қалаларды кинода көрсетіп қойған.

Ойдан шығарылған

«Судья Дредд» фильміндегі мега қала (2012)

Мұңды, үлкен және өмір сүруге жағымсыз жер. Мега қаланың баламасы жоқ, оның қабырғаларының артында радиоактивті шөл бар.Қала Бостоннан Вашингтонға дейінгі аумақты алып жатыр (бұл 700 км-ден астам), енімен емес, жоғары қарай созылады. Барлық жерде қылмыс белең алған. Бұндай болашақтың қаласы бізге сай емес.

1997 жылғы фильмдегі Гаттака

Гаттаканың бүкіл халқы алпысыншы жылдардағы сәнді көліктерде жүреді, үкіметтің эсперанто тіліндегі хабарландыруларын тыңдайды және … даралықтан мүлдем алшақ. Олар Гитлердің қағидаларымен өмір сүретін сияқты. Егер сіз қандай да бір ақаумен өмірге келсеңіз, жақсы өмір сүруге үміт жоқ. Көңілсіз, суық қала.

«Хроники хищных городов» фильміндегі Лондон (2018)

London is the capital of Great Britain…мектепте ағылшын тілін оқыған адамдардың миында жатталған сөйлем. Болашақ Лондон жайлы жазайық…

Алпыс минуттық соғыс деп аталатын жаһандық әскери қақтығыстан кейін тірі қалған адамдар Қозғалыс қалаларды паналайды. «Муниципалдық дарвинизм» деп аталатын философияда ірі жыртқыш қалалар Ұлыбритания мен материктік Еуропа алқаптарындағы шағын қауымдастықтарды жаулап, тұтынады. Ал Лондон — бұл ең үлкен және ең аяусыз жыртқыш. Басқа қалалар Ұлыбританияның бұрынғы астанасымен кездесуден қорқады, себебі соңы жақсылыққа алып келмейді.

Болашақ Лондонның өмірі де қайғылы – әлеуметтік теңсіздік белең алғаны сонша кедейлер байлардың лас қалдықтарымен күн көреді (олар өздері оны білмейді, ал фильмде аталмыш сәт көрсетілмеген), ал байларға әлі де жеткіліксіз.

Қаланың сыртындағы ақырзаман көрінісі олардың өмірі де жақын арада қорқынышқа ұласатынын меңзейтіні таңқаларлық емес. Олардың әрі қарай қандай шаралар қолданатынын керемет фильмді көріп біле аласыздар.

Иә, болашақтың бұл қаласы да көңілімізден шықпайды.  Бәлкім, режиссерлер қиялы көзқарастан алыс болар…

Әрі қарай жалғастырсақ, көңілге қонымды болашақтың қалаларын табуға болады. Алайда режиссерлар мұндай жерлерді мұңды әрі жиіркенішті санайды. Mirror Line салынған кезде болашақ қаланың жағымды көзқарасын қалыптыстыра алады деген үміттеміз…

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago