Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Еуропадағы елес және қымбат брендтердің құлдырауы. 25 шілде.
Шетел басылымына шолу

Еуропадағы елес және қымбат брендтердің құлдырауы. 25 шілде.

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 26.07.2022
Обновлено 26.07.2022 в 11:07
Поделиться
Поделиться

Шетелдік БАҚ не деп жазды.

Мазмұны
Арзан сыра мен темекі танымал бола бастадыДағдарыс елесі Еуропаны шарлаудаТынық мұхиты АҚШ армиясына зәруПрезиденттік рецессияны түсіндіруБайден мен Трамп-сыртқы саясаттағы егіздер

Арзан сыра мен темекі танымал бола бастады

Ірі азық-түлік компаниялары шығынға ұшырап, сатылымдар азаюда, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Керісінше, бөлше сауда дүкендері Busch Light және Icehouse сынды сыра түрлерінің сатылымы күрт өскен. Ал Marlboro бренді Montego және Maverick брендтерінен артқа қалып қойды.

 Бұл АҚШ экономикасына нұқсан келтіреді. Себебі тұтынушылардың басым бөлігі арзан сыра мен темекі түрлеріне ауысуда. Сарапшылардың айтуынша, бұрынғы дағдарыстың тәжірибесіне сүйенсек, тұтынушылар ендігі кезекте қымбат тағамнан да бас тартады. Ал бұл дегеніміз, ірі кәсіпорындардың жабылуына, немесе жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі.

АҚШ-тағы тұтыну бағалары маусым айында 9,1% — ға өсті, бұл 41 жыл ішіндегі ең жылдам өсім. Өйткені жоғары тұтынушылық сұраныс тұрақты жеткізілім тапшылығына тап болды. Ұлттық бөлшек сауда федерациясы жариялаған сауалнамада тұтынушылардың басым бөлігі  тұрмысқа қажетті заттар бағасының өсуіне байланысты олар арзан баламаларға ауысуға мәжбүр.

Дағдарыс елесі Еуропаны шарлауда

Bloomberg сайтының мәліметінше, Еуропалық орталық банк жағдайды одан әрі ушықтырды. Кристин Лагард бір жыл бұрын Орталық банк өткен дағдарыстың қателіктерінен сабақ ала білді. Сондықтан бұл жолы экономиканы қалпына келтіру мақсатында қажетті шара қабылдайды.

Алайда, банк тығырықтан шығу үшін қолданатын шараның ең тиімдісі базалық мөлшерлемені көтеру. Алайда қазіргі жағдайда базалық мөлшерлермені көтеру инфляцияның өсуін тездететі. Сол себепті Еуропалық орталық банктың алдында инфляцияны туындатпай дағдарыс мәселесін шешу міндеті тұр.

Тынық мұхиты АҚШ армиясына зәру

The Guardian  үнді-тынық мұхиты аймағындағы жағдайдың ушығуы туралы жазды. АҚШ бас штабының басшысы, генерал Марк Милли сол жерге сапарға аттанды. Индонезияда ел басшылығымен кездесу кезінде ол қытай әскери күштері агрессивті және қауіпті бола бастағанын мәлімдеді. Соңғы бес жыл ішінде АҚШ пен одақтас күштердің Қытай ұшақтары мен кемелерін ұстап алу саны едәуір өсті, бұл ретте қауіпті қарым-қатынастар саны да артуда.

Басылым АҚШ әскери шенеуніктері 2027 жылға қарай Қытай Тайваньға басып кіруі мүмкін деген дабыл қағып отыр.  

Қытай өзін-өзі басқаратын аралға қарсы әскери арандатуларды күшейтіп, оны қорқытуға және коммунистік материкпен бірігуге мәжбүр етті,

деді генерал.

Бейжің сәуір айында Соломон аралдарымен қауіпсіздік туралы келісімге қол қойған. Бұл жағдай АҚШ алаңдатпай қоймады.  Мұның нәтижесінде Тынық мұхитының оңтүстігінде Қытай әскери-теңіз базасы құрылуы мүмкін.

Индонезияның әскери басшылығымен өткен кездесуден кейін Марк Милли Қытайдың қауіпті екенін түсінген Индонезия АҚШ әскери күштерінің аймақта болуын қалағанын мәлімдеді.

Аумақтық дауларға байланысты Қытай өзін сенімді әрі агрессивті ұстайтынын білдік,

деді Индонезия қарулы күштерінің бас қолбасшысы Андика Перкас.

Президенттік рецессияны түсіндіру

Fox news Байден әкімшілігі экономика туралы анықтамалықтарға сілтеме жасай отырып, құлдырауды жоққа шығаратынын жазады.

Экономикалық кеңесшілер кеңесі өз блогында ЖІӨ-нің екі тоқсан қатарынан төмендеуі елдің құлдырау кезеңінде екенін білдірмейді дейді.

Рецессия дегеніміз не? Кейбіреулер жалпы ішкі өнімнің екі тоқсан бойы төмен көрсеткішін рецессия деп санайды. Алайда бұл ресми анықтама емес, тіпті экономистердің бизнес цикліне деген бағасы да емес,

делінген хабарламада.

Бұл ретте қаржы министрі Джанет Йеллен экономика рецессияда емес, өсуі тежелген өтпелі кезеңде екенін айтты.

Ал Республикалық ұлттық комитеттің өкілі Уилл О’Грэйди  рецессия түсінігіне анықтама берудегі пікірталас бағаның өсу мәселесін шешпейді деді.

Джо Байден қалпына келтіруді ықтимал рецессияға айналдырды. Сөздің жаңа анықтамасы демократтардың 1,9 триллион долларды ысырап еткенін түзетпейді. Бұл факт американдықтардың шығынын арттырды. Бұл Байден мен демократтардың қарапайым американдық отбасылардың шынайы өмірінен ешқандай хабары жоқ екендігінің көрсеткіші,

деді О’Грейди.

Байден мен Трамп-сыртқы саясаттағы егіздер

New York Times Байден дәуіріндегі АҚШ-тың сыртқы саясатын талдап, қызықты қорытындыға келді. Сайлау кезінде Байден Трамптың «дұрыс емес» геосаясатына баса назар аударған. Ол Американы әлсіретті деп, сәйкесінше бәрін түзетуге уәде берді.

Алайда, сыртқы саясаттың негізгі мәселелерін шешу кезінде Байден Трамп әкімшілігі  сияқты Қытай, Таяу Шығыс және АҚШ әскери күштерін орналастыру сияқты стратегиялық басымдықтарға қатысты бірдей бағыт алғанын көрсетеді.

ТЕГи: Трендте
Сая Манарбековна 26.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024
Қоғам

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

15.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?