Денсаулық

Көзілдірік жыры: Қазақстандықтар көздерін қалай сақтай алады?

Әрбір екінші қазақстандықтың көзі нашар көреді. Көптеген патология аурудың алдын алмағаннан болады. Алайда ең күрделі деген диагноздың өзі соңғы шешім емес. Тамыз айында атап өтілетін халықаралық офтальмология күнінде мамандар көз саулығын сақтауға байланысты кеңестер айтқан болатын.

Жер бетінде 1,3 млрд адам көздің әртүрлі ауруларына шалдыққан, 180 млн адам көз мүгедегі, 45 млн адам толық зағип. Алайда көптеген жағдайда көз аурулары емделеді, дейді офтальмологтар.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 80 %-ға жуық жағдайда адам соқырлықтың алдын алады. Ол үшін науқастар уақытында қажетті ем-шара қабылдаулары керек.

Мамандардың сөзінше, көз – нашарласа адам үшін ауыр қасірет әкелетін дене мүшесі. Айналаны анық көруден басқа адамның әлеуметтік мүмкіндіктері шектеліп, физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да ауыр зардапқа әкеліп соғады. Көзінің көруі нашарлаған адам сүйікті ісімен айналыса алмайды, мамандық, жұмыс таңдауда да шектеледі.

Офтальмологтар көз жанарының саулығы нашарлап жатқан адамдар саны көбейіп кеткеніне алаңдаулы.

Әрбір екінші қазақстандықтың көзінде қиындық бар. Статистикаға сүйенсек, ересек тұрғындардың үштен бірі әртүрлі гаджеттерді ұзақ уақыт бойы қолданып, көзге жүктеме түсіреді.

«Lucy көз институтының» мамандары хирургиялық отаны қажет ететін көздің ауыр патологиясына шалдыққандар саны күрт өсіп жатқанына алаңдаулы. Заманауи офтальмологияның тәжірибесі мол әрі сапалы диагностикаға сеп болатын құрал-жабдығы да жоқ емес. Бұл көз мәселесін отасыз шешуге көмектеседі.

Бастысы – профилактика. Ауруды дер кезінде анықтап, өз уақытында ем қабылдап, көздің саулығын сақтап қалу – маңызды.

Жұрт стоматологқа жиі барса да, көз дәрігеріне жүгіне бермейді. Біз өткен-кеткен адамдар арасында сауалнама жүргізіп, маманға қаншалықты жиі көрінетінін сұрастырған болатынбыз. Жас жігіттер сұрағымызға күліп жауап бергенімен, тест тапсырған соң әрқайсысында көз мәселесі бар екені анықталды. Тесттен соң жігіттер көздері құрғайтынын, гаджет қолданған соң көздері ауыратынын мойындады, алайда маманға баруға асықпайтындарын да жасырмады. Әңгімемізден соң бәрі көз дәрігеріне баруға шешім қабылдады.

Жалпы сауалнамаға жауап бергендердің әр екіншісі көз құрғақтығына, көру қабілетіне, жанардың тез шаршағыштығына шағымданды.

Мәселе тек гаджетте емес. Кезінде гаджет болмаған заманда да қазір жастары алпысты алқымдаған адамдар дер кезінде көз саулығына мән бермегендеріне өкінетіндерін айтты. Кейбіреулері соның салдарынан соқырлыққа тап болған. Осылайша мүгедек атанғандары да бар.

Көзілдірік тағатын жастар болса, маманға жиі баратын көрінеді.

Мен көзілдірік киемін. Жылына бір рет офтальмологқа барамын. Кейде одан да жиі баруға тура келеді. Көзімнің көргіштігі төмендегенін байқасам, бірден маманға барамын. Көзді тұрақты түрде тексеріп тұру керек, бір рет көзім қатты нашарлап маманға барғанымда мәселе көзілдірікте емес екенін түсіндім, қажетті ем-дом қабылдау керектігі анықталды,

дейді Александра есімді бойжеткен.

Аталған көз институтының мамандары бұны дұрыс деп бағалайды. Көзіңде кішкене мәселе туса, маманға жүгіру керек, деп есептейді олар. Дер кезінде алынған ем-дом біраз мәселенің алдын алады.

«Lucy көз институтының» бас дәрігері, офтальмолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Абдуллина Венера Равильевна көз мәселесі жас ұлғайған сайын ұлғая беретінін айтты.

Көз мүгедектігінің себебі көбіне дәрігерге дер кезінде қаралмау, жазылған емді қабылдамау болып есептеледі. Сондықтан офтальмологтан профилактика үшін жыл сайын өтіп тұру керек. Егер көз ауруы анықталса, ем қабылдаған жөн. Ешқашан өздігіңізден үйден емделмеңіз,

дейді Венера Абдуллина.
Суретте: Абдуллина Венера Равильқызы

Авторы: Мейіргүл Оңғарова

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago