Кәсіпкер Қуат Сұлтанбековтың босатылуы, көпқабатты үйдегі өрт және 60 мың қоғамдық тамақтандыру орындарына төнген қауіп әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.
10 маусым күні Алматыда орын алған қайғылы оқиға енді ғана полиция департаментінде жарияланды. Бостандық ауданында скутерде кетіп бара жатқан жас қыз кенеттен ашылған көліктің есігіне ұрылып көз жұмған. Оқиға көпшіліктің наразылығын тудырды. Олардың басым бөлігі электрлі самокатпен жүруге шектеу қойғанын қалайды.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде кәсіпкер көп балалы аналардың соққысына жығылған. Бұл бейнежазба барлық БАҚ, әлеуметтік желі мен месенджерлерде кеңінен таралды. Белгілі болғандай белгілі наразылық қауымының өкілдері мемлекеттік мекемеге баспана сұрағы бойынша келіп, өштерін құрылыс саласының кәсіпкерінен алған.
Еліміздің 60 мыңға жуық тамақтану орындары қант бағасының күрт өсуіне байланысты банкротқа ұшырауға жақын. Бизнес иелері тапшы өнімді қолжетімді етулерін сұрайды. Олар күзге дейін күте алмайтындарын да мәлімдеді. Себебі ауыл шаруашылығы министрлігі күзде жағдай тұрақталатынына уәде еткен. «Хабар» телеарнасының репортажы көптеген ірі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінде облыстық департаменттердің басшылары тағайындалды. Аталмыш жаңалықты желі қолданушылары мысқылдық скептицизммен қабыл алды. Көпшіліктің ойына бірден тыңшы-киллерді тұтқындау эпизоды сап ете қалды. Олар оны арзан қойылымға теңеген еді.
2012 жылы 21 жылға бас бостандығынан айырылған кәсіпкер Қуат Сұлтанбековты Жоғарғы сот ақтады. Жаңалық БАҚ пен жұртшылықтың назарына ілікті. Ол «Нығматулиндердің жауы» деп танылып осындай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған еді.
Орал қаласында 27 шілдеде 50-ге жуық жергілікті тұрғын ереуілге шығып, оқиға БАҚ та жарияланды. Айтуларынша олар тұрып жатқан үйде Трамадол есірткісі заңсыз, ашық түрде сатылуда. Полиция қызметкерлері есірткі сатушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Ресейге барып жаңа туған баласын сатпақшы болған Қазақстандық үш жылға сотталды. Көпшілікті бала саудасы проблемасы ғана емес, жағымсыз әсер тудыратын ресейлік ықпал сұрағы алаңдатты.
Қазақстанға үшінші елдерден әкелінген, бірақ кеден бақылауынан өтпеген көліктер тәркіленіп, уақытша сақтау қоймаларына жеткізіліп жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көліктер шетелдік тауарлар болып табылатынын және олар кедендік бақылауда екенін еске салады. Кедендік ресімдеу ережелерін бопсалау деп санайтын көптеген қолданушылар бұл жаңалықты теріс қабылдады.
Алматыда көпқабатты үй өртенді. Өрт бірінші қабатта орналасқан мейрамханадан шыққан. Тұрғындар үйлерде орналасқан аталмыш тамақтану орындарының қаптап кетуіне наразылық білдірді. Айтуларынша олар пәтер иелеріне қолайсыздық тудырып, өрт сияқты қауіп төндіреді.