Тартысты күз: Қазақстанда нағыз саяси күрес басталады

«Билік» партиясы әкімшілік ресурстан айырылды. Енді саяси және партиялық алаңда нағыз шайқас басталуы мүмкін, дейді саясаттанушы Замир Қаражанов. Жаңа жағдайда электорат үшін күрес бос сөз емес. Жеңіске жетуге талпынғандар олардың жағында кім екені жайы әрдайым ойлауы керек, мұрнының ұшына тірелгенде емес… Халықтың сеніміне шынайы енген адам ғана жеңіске жетуі керек.

Ескі ойыншылар – жаңа ережелер

— Жарияланған саяси реформалар жемісін берді ме? Әлде бәрінің еті үйренген бос сөз деңгейінде қалып қойды ма, сіз қалай ойлайсыз?

— Қазіргі таңда саяси белсенділік пен партиялық өмір жандануда. Тілек білдірушілердің саны артып, жаңа партиялар құрылуда. Бұл жақсы көрсеткіш.

Соңғы 10-15 жыл ішінде мұндай белсенділік байқалмаған еді. Онда тек саяси өмірдің ресми тұсы ғана болды.  

Азаматтық қоғам деңгейінде біз нағыз батпақты көрдік. Соңғы жарты-бір жылда жағдай тұрақтанды. Саяси сахнаға Болат Әбілов сияқты ескі ойыншылармен қатар, Санжар Боқаев сынды жаңа тұлғалар да шыға бастады.

Қазіргі партияларға келетін болсақ, ол жерде де белсенділікті байқауға болады. Мысалы, халықтық партиядағы соңғы оқиғалар өзгерістер тудыратыны анық.

Негізі партияның негізгі мақсатының бірі — қоғамның мүдделерін анықтау бойынша жұмыс атқару. Сол себепті жаңа әрі ескі партиялар осыған ұмтылуы керек. Ал көбінде олар популизммен айналысып, «айқайлатқан» ұрандары шындықпен жанаспай жатады. Енді партиялық алаң өзін қайта құру қажет. Оған тек атын өзгертіп қол жеткізу мүмкін емес. Мысалы «Nur Otan»-нан «AMANAT»-қа ауысу. Ережелерді өзгерту керек. Жаңа ережелермен ескі ойыншылар да ойнай бастауы керек.

— Бұл қалай көрініс табады?

— Бұрын тек бір жақты ойын ойнаса, қазір дәстүрлі екі жақты ойынға ауысу керек. Яғни, нағыз бәсекелестік саяси күрес пайда болуы керек. Қазір біз жаңа ойыншылардың пайда болуын және бәсекелестіктің артуын көріп отырмыз, бірақ бұл жеткіліксіз. Ойынның жаңа ережелерінің пайда болуы үшін партиялық және сайлау заңнамасына кейбір түзетулер енгізу қажет. Ең алдымен, қазіргі популизмді жою үшін. Оның басты себептерінің бірі- депутаттарды сайлаушылардан ғана емес, өз партиясынан да алшақтату. Тығыз байланыс орнату керек. Халық партия арқылы депутаттарға шықса, кейін биліктің өкілді органдары, яғни мәслихат пен мәжіліс деңгейіне жетеді. Бұл партия өміріндегі өзгерістерге жетелейтін өте маңызды сәт.

Қазір бұл кеңістік соңғы жиырма жылда болмаған халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастады.

Мақтаншақтықпен емес, жұмыспен айналысу керек

-Мәжілістегі бірінші орынға талас шынайы күреспен болуын күтуге болады ма? Әлде бірінші орын бос болмай, тек соңғы екі орын үшін таласа ма?

 — Генерал болуды армандамайтын солдат жаман. Менің ойымша, күрес болады және басқа партиялардың жеңіске жету мүмкіндігі бар.

Шын мәнінде «Аманат» шенеуніктер партиясы. Олардың қалай жұмыс істейтіні көпшілікке мәлім. Олар жай ғана мүшлелік билеттерін шығарып, мемлекеттік қызметшілерді өздеріне тартып алып, миллионға жеткендерін көрсетуде.

Осы уақыт аралығында қоғамды алаңдататын мәселелерге ешкім мән бермегендіктен, нәтижесінде қаңтар оқиғасымен аяқталды

Қазір Тоқаев бұл әкімшілік ресурсты кесіп тастап, өзі  уақытша партиядан шықты. Осылайша, партиялардың ұстанымдары теңдесті. Енді Алматы әкіміне партияның артықшылықтарын ойдан құрастырудың мағынасы жоқ.

Ал «Аманат», мен айтқандай, билік құрылымдарымен үлестес шенеуніктер мен бизнесмендер. Олар ешқашан халықтың қажеттіліктерімен айналыспайды, үйлерді аралап, азаматтардың мүдделерін білмейді. Бұл олардың ең осал тұсы, оны партиялық алаңнан шығару үшін қолдануға болады. Қағаз жүзінде қолдан жасалғанның бәрі нағыз бәсекелестік күрестің нәтижесінде жойылуы тиіс.

Сондықтан қазір парламенттегі бірінші орын үшін бақ сынасуға болады.

— Мүмкіндік бар ма екен…

— Қайтадан әкімшілік ресурсты жойып, барлығының мүмкіндіктері бірдей болса, онда партия жұмысын дұрыс жолға қоя білген жеңіске жетеді.

Жарнамамен емес, нақты жұмыс жасау керек. Әрине, тәуелді теледидар үнемі қандай да бір партияны еске салып отырса, оның белгілі болатыны анық, бірақ ұзаққа созыла ма?

Мұңын түсініп,мәселелерін шешуге ат салысқандарды адамдар ешқашан ұмытпайды

Осылайша азаматтардың адалдығы мен сенімі пайда болады.

Бұл күрделі және ауыр жұмыс. Бұған  айлап-жылдап еңбек ету керек. Сол кезде ғана халық қолдау білдіреді. Қазір халықтың мүддесін айқындап, осы бойынша шаралар қолданған көшбасшы кез-келген шенеунікті басып оза алады.

Депутаттарды тарату оңай емес

— Кейбіреулер мәжіліске мерзімінен бұрын сайлау өтуі мүмкін деп санайды.  Конституциялық өзгерістер бойынша референдум өтті. Енді парламентті соларға сәйкестендіру керек. Бірақ түзетулер әлі өз күшіне енген жоқ.

— Бұл өте даулы мәселе. Біріншіден, қазіргі парламентті заңнаманы бұзбай таратуға бола ма? Парламент қандай болмасын, заңға бағынамыз. Бір қателіктің артынан мың қателліке жол беруге болмайды. Басымыздан өткердік. Конституцияға қанша рет түзетулер енгізілгенін еске түсірсек, қабылданған заңдардың соңы дауға ұласқан еді.

Бұл жағдайда құқықтық негіздерге сүйену керек. Мәжілісті тарату оңайға соқпайды, себебі бүгінгі депутаттар кезінде сайлауда жеңіп шыққандар. Әкімшілік ресурстың арқасында болса да.  

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago