Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді қолдауға арналған QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент қорына алғашқы болып жеке жарна аударды.
Бұл туралы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжехан мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ана тілімізге деген адал азаматтық ұстанымы, көрсеткен зор құрметі, жеке үлгісі үшін алғыс білдіреміз!
деп жазды ол.
Қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету.